Қарасу – Тарбағатай жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының оңтүстігінде 26 км жерде, Қарасу өзенінің суайрығында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1250 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Борлы, оңтүстігінде Түлкілі таулары, батысында Қоғалы, шығысында Үшарал қыстаулары орналасқан. Таудың түпкі жыныстары эрозиялық процесстерге ұшыраған.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас бетеге, селеу, т.б. дала өсімдіктері өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары