Қаратас – Мұңлы тауының солтүстігіндегі оқшауланған шоқылы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының батысында 47 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 627 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 5 км шамасында созылған. Енді жері 2 км-ге жуық. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Жанай, шығысында Қаратөбе, оңтүстігінде Қу, солтүстік-батысында Шұбароба таулары орналасқан. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, жусан, бетеге аралас астық тұқымдас, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары