Сарықұм – Сасықкөл көлінің батысындағы құмды алқап.

Географиялық орны Қарақұм жəне Тасқарақұм құмды алқаптардың аралығында жатыр. Жетісу облысы Алакөл ауданының солтүстік-батыс бөлігін қамтиды.

Жер бедері Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 440 м. Аумағы 1,4 мың км2, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге, батыстан шығысқа қарай 32-35 км-ге созылған. Жер бедері құм төбелерден тұрады. Едəуір көтеріңкі келген оңтүстігінде Жуантөбе (508 м) жəне Тастөбе (516 м) төбелері орналасқан. Құмды жағалай жəне құм ішінде қыстаулар (Магазин, Жыратау, т.б.) мен құдықтар жайласқан.

Өсімдігі Шөлдің құба, сұрғылт құмайтты топырақ жамылғысында бұйырғын, тасбұйырғын, жусан, баялыш өсімдіктері басым өскен. Құмды алқап мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы құмдары