Саумалкөл – Нұра алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданы жерінде, Жұмай елді мекенінен батысқа қарай 4 км жерде.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 316,2 м биіктікте орналасқан. Аумағы 13,2 км2, ұзындығы 6,8 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 20,7 км. Теңіз-Қорғалжын ойысындағы көлдің құмсаздақты жағасы көбіне жайпақ болып келеді. Көлге көктемде жылғалар мен еріген қар суы құйылады. Суы тұзды, қараша айының басында қатып, сəуірдің соңғы онкүндігінде ериді. Суында балық өседі. Алабы – шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы көлдері