Албания парламенті () — Албания Республикасының азаматтарының бірпалаталы өкілі, Албанияның заң шығарушы билігіне жауапты орган. Парламент 140-тан кем емес мүшеден тұрады және жасырын түрде 4 жыл сайын сайланады. Парламентке оның Спикері жауапты. Әр 12 регионның өзінің сайлау округі, парламенттегі бірнеше депутаты бар.
Парламент, Конституция бойынша, барлық заңдарды шығарады, үкіметтің жұмысын бақылайды, соғыс бастайды, елдің бюджетын анықтайды, оны тексереді, референдум мен сайлау өткізеді және Президентті сайлайды.
Этимологиясы "Кувенди" сөзі албан тілінде ежелден бері келе жатыр. Оның шығу тегі латын "conventus" (адамдардың жиналысы, ассамблея дегенді білдіреді) сөзімен жиі байланыстырылады.
Құқығы, жауапкершілігі және мақсаты Парламент жылына екі рет жиналыс өткізеді. Бірінші сессия Қаңтар айының үшінші дүйсенбісінде және екінші сессия қыркүйек айының бірінші дүйсенбісінде өткізіледі. Алайда, Албания президенті, Премьер-министрі немесе парламенттің өзінің бестен-бірі төтенше жағдайда Парламентті кез келген уақытта жинай алады.
Парламент көпшіліктің дауысы арқылы шешім жасайды. Осыған Конституцияда ерекше шарттар жатпайды, мысалы үлкенірек көпшілікті қажет ететін жағдайлар. Парламенттің тағы қабілеттіктері: Албанияның экономикалық, заңды және саяси қатынастарын өзгерту, Албанияның табиғи және мәдени құндылықтарын сақтау, басқа мемлекеттермен альянстар және ұйымдар құру. Парламент Президентті еш дебатсыз, жасырын дауыс арқылы және бестен-үш көпшілігімен сайлайды.
Дереккөздер
Санат:Елдер бойынша парламенттер Парламент