Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров (; 14 қыркүйек 1964 жыл, Рыбачье, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық инженер, саясаткер, саяси қайраткер және 2021 жылдан 2024 жылға дейін Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы.

Экономика мен қаржы бағытында білім алған Ақылбек Жапаров тағы Ақаев және Бәкиев әкімшіліктерінде министр болып жұмыс істеді.

Ерте жылдары Ақылбек Жапаров 1964 жылы 14 қыркүйек күні доктор Үсенбек Жапаров және инженер Бегайым Сарынжиева отбасында дүниеге келді.Первым вице-премьер-министром Кыргызстана назначен Акылбек Жапаров (биография) (орысша) Ақылбек Жапаровтың биографиясы. 22 қазан 2009

Мектеп жылдарында Комсомолда өте белсенді болған. Ол 1981 жылы мектебін бітіріп, 1986 жылы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетін және 2002 жылы Бішкек қаржы-экономикалық академиясын бітірді.

1987 және 1991 жылдары Ақылбек Жапаров өзі оқыған Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде білім берді.

Саяси мансабы Жапаров саяси қызметін 1992 жылғы шілдеден 1993 жылға дейін Асқар Ақаевтың президент әкімшілігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1993 жылы қазанда Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жауапты хатшысы, аппарат басшысы болды және бұл қызметті 1995 жылғы сәуірге дейін атқарды.Жапаров Акылбек Усенбекович (орысша) Еуразия Экономикалық Коммисиясы сайты.

1995-1996 жылдары бірінші вице-премьер-министрдің көмекшісі қызметін атқарды. 1996 жылдан 1997 жылғы қарашаға дейін Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы, 1997 жылғы қарашадан 2000 жылғы 20 сәуірге дейін Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясының төлемдерді өндіріп алу басқармасының бастығы болды.

Жапаров 2000 жылғы 20 сәуірден 2005 жылғы наурызға дейін Демократиялық күштер одағы сайлау блогының партиялық тізімі бойынша Жоғарғы Кеңестің бұрынғы жоғарғы палатасы Заң шығарушы Ассамблеясының депутаты болды. «Қырғызстанның аймақтары» депутаттық тобының мүшесі болды. Сондай-ақ, Заң шығарушы ассамблеяның Салық, кеден және басқа да міндеттер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

«Қызғалдақ төңкерісі» президент Ақаевты тақтан тайдырғаннан кейін, 2005 жылғы 26 ​​наурыз мен 2007 жылғы 27 желтоқсан аралығында Жапаров Құрманбек Бәкиев тұсында экономика және қаржы министрі қызметін атқарды. Ол Украина өкілдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша үкіметаралық келіссөздер жүргізді. 2007 жылғы 27 желтоқсаннан 2009 жылғы қазанға дейін Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды. Кейін ол 2009 жылғы 22 қазаннан 2010 жылға дейін бірінші вице-премьер қызметін атқарды.ЖАПАРОВ Акылбек Усенбекович. centralasia.org. 12 қазан 2021.

Жапаров Қырғызстанның Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) «ауыр қарызы бар кедей елдер» бағдарламасына кіруін жақтаған.

2021 жылғы 1 маусымда Жапаровты президент Садыр Жапаров Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары және экономика және қаржы министрі етіп тағайындады. 2021 жылғы 12 қазанда Президент Садыр Жапаровтың жарлығымен Ұлықбек Мәріповтың орнына Ақылбек Жапаров Министрлер Кабинеті төрағасының міндетін атқарушы болды. 2021 жылғы 13 қазанда президент Садыр Жапаровтың жарлығымен Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетінің төрағасы болып тағайындалды.

2024 жылғы 16 желтоқсанда Жапаров отставкасын жариялады.

Жеке өмірі Жапаров — полиглот, қырғызша, орысша, ағылшынша және түрікше сөйлейді. Ол "Салықтар: кеше, бүгін, ертең, экономиканы жаңғырту стратегиялары, қырғыз экономикасын жаңғырту" кітабының және көптеген басқа қаржы жайлы мақалалардың авторы болып келеді.

Жапаров үйленген, екі қызы, Саадат пен Ажар және ұлы Мақсат бар.

2014 жылы жер теліміне қатысты алаяқтық туралы жария айыптаулардың тұсында Жоғарғы кеңес мүшесі Жапаров бірнеше ғимараттың, соның ішінде Бішкектегі «Дамас» халықаралық қонақ үйінің, шамамен құны 6 миллион доллар жылжымайтын мүлік қожайыны екенін мәлімдеді.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан премьер-министрлері Санат:Қырғызстан экономика министрлері Санат:Жоғарғы Кеңес (Қырғызстан) депутаттары Санат:Қырғызстан саясаткерлері Санат:Қырғызстан инженерлері