Едіге – Ұлытаудың оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1063 м. Доғаша иілген таудың ұзындығы 8 км, енді жері 5 км. Іргесі кристалды тақтатас, гранит, құмтас порфирит, конгломераттан түзілген. Тау бөктерінен бірнеше ұсақ өзендер (Шақабай, т.б.) мен бұлақтар бастау алады.
Өсімдігі Бозғылт қызыл қоңыр топырағында ұшқат, тобылғы, итмұрын, баялыш, арша, жусан, боз, бидайық өседі. Тау баурайы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары