Чувашия, Чувашстан немесе Шуасстан (), ресми атауы – Чуваш Республикасы — Чувашия () — Шығыс Еуропада орналасқан Ресей Федерациясының субъектісі (республика). Ол чуваштар атты түркі халқының отаны болып келеді. Елордасы және ең ірі қаласы — Чебоксары.

Этимологиясы Чувашия атауы чуваш этнонимінен шыққан. «Чуваш» сөзінің пайда болуы Қазан хандығының аумағында тіркелген. Қазіргі чуваш этнонимі бастапқыда қазан татарлары мен орыстар қолданған чуваштардың ата-бабаларының экзоэтнонимі болды.

Географиясы Чувашия Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталығында, Еділ өзенінің маңында орналасқан. Ол солтүстігінде Марий Эл Республикасымен, батысында Төменгі Новгород облысымен, оңтүстік-батысында Мордовиямен, оңтүстігінде Сімбір облысымен және шығыс пен оңтүстік-шығысында Татарстанмен шектеседі. Республикада екі мыңнан астам өзен бар, олардың негізгілері Еділ, Сура және Цивиль, сонымен қатар төрт жүз көл бар.

Климаты континенттік, орташа температурасы қаңтарда -13°C және шілдеде +19°C аралығында. Табиғи ресурстарының арасында гипс, құм, саз, сапропель кен орындары, фосфорит, шымтезек бар. Мұнай және табиғи газ кен орындары бар, бірақ оларды өндіру әлі коммерциялық мақсатта қолға алынбаған.

Тарихы Чуваштар бұлғарлар мен сабирлер атты 5-8 ғасырларда Солтүстік Кавказды мекендеген түркі тайпалардан тараған. 7-8 ғасырларда бұлғарлардың бір бөлігі Балқанға кетіп, ол жердегі жергілікті славяндармен бірге қазіргі Болгария мемлекетін құрды. Басқа бір бөлігі Орта Еділ бойына көшті (Еділ бұлғарларын көріңіз), онда исламды қабылдамаған бұлғар халқы чуваш халқының негізін қалады.

1223-1236 жылдары орын алған Моңғолдардың Еділ Бұлғариясына шабуылы кезінде далалық сабирлер солтүстікке қоныс аударды, онда Орал тілдес Мордвалар мен Марилер сияқты тайпалар өмір сүрген еді. Чуваштар өздерін марилермен сіңісіп кеткен осы сабирлердің ұрпағы деп санайды. 1242 жылы олар Алтын Орданың вассалы болды. Сарай-Батуға жыл сайын алым төленетін болса, моңғол және татар билеушілері жергілікті ішкі істерге араласпағаны шешілді. Алтын Орданың күші әлсірей бастағанда, Пьяна мен Темниковтан шыққан жергілікті мишәр татар мырзалар Чуваш аймағын басқаруға тырысты.

1552 жылдың тамызында болған IV Иванның Қазан хандығына қарсы шапқыншылығы кезінде Чуваш Орсай мен Мари Акпар Токари кінәздері Сура өзенінің бойындағы Алатырьде Ұлы Мәскеу кінәздігіне адалдық танытты. 1650-1850 жылдар аралығында Орыс православ шіркеуі чуваштарды православие дінін қабылдауға тырысу үшін чуваш тілінде сөйлейтін миссионерлерді жіберді. Осы миссионерлердің бір тобы жазбаша чуваш тілін жасады. Бұл аймақта қалған чуваштардың көпшілігі православие христиандары болды, бірақ кейбіреулері паганист болып қала берген.

1917 жылы 15 мамырда чуваштар Еділ-Орал қозғалысына қосылды, ал 1917 жылы желтоқсанда татар өкілдерімен Чувашияның шығыс шекарасын Зөя өзенінде сызу туралы келісімге қол жеткізілгенде, олар қысқа өмір сүрген Еділ-Орал мемлекетіне қосылды. 1918-1919 жылдары Ресейдегі азамат соғысы ауданды қамтыды. Ол большевиктердің жеңісімен аяқталды. Жергілікті халықтан қолдау табу үшін Ленин РКФСР құрамында Чуваш мемлекетін құруға бұйрық берді. 1920 жылы 24 маусымда Чуваш автономиялы облысы құрылып, 1925 жылы сәуірде Чуваш АКСР-ы болып қайта құрылды.

1992 жылы Чуваш АКСР-ы КСРО-мен бірге ыдырап, оның орнына Чуваш Республикасы келді.

2012 жылдың қазан айында Чебоксары қаласында өткен үстел басында Чувашияның бірқатар қоғам қайраткерлері Чуваш Республикасының басшысы М.В.Игнатьевке және Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттарына чуваштардың «Чувашия — Еділ Бұлғария» тарихи атауын қалпына келтіру туралы ұсыныспен үндеу таратты. 2013 жылғы 16 қаңтарда Чуваш Республикасының Мемлекеттік кеңесіне Чуваш Республикасының атауын «Чувашия Республикасы – Еділ Бұлғария» тарихи атауына өзгерту бастамасын көтеру туралы өтінішпен ұжымдық үндеу түсті.ЧУВАШСКИЕ ИСТОРИКИ И ПИСАТЕЛИ ПРОСЯТ ПЕРЕИМЕНОВАТЬ РЕСПУБЛИКУ В ВОЛЖСКУЮ БОЛГАРИЮ

Әкімшілік бөлінісі Чуваш Республикасында 21 әкімшілік аудан, 9 қала (оның ішінде 5 республикалық маңызы бар қала және 4 аудандық маңызы бар қала), 5 қала үлгісіндегі кент, 1700-ге жуық ауылдық елді мекен бар.

Елордасы Республиканың астанасы — Чебоксары қаласы, халқы 497 920 адам. 2001 жылы «Ресейдегі ең абаттандырылған қала» байқауының жеңімпазы атанды.

Республикалық маңызы бар қалаларға қалалық округ мәртебесі бар муниципалитеттерге, муниципалды округ мәртебесіне ие аудандарға – муниципалитеттерге сәйкес келеді.

нобай|376x376 нүкте|Чувашияның әкімшілік бөлінісі №Аудан атыХалық саны,адамАуданы,км²Халықтығыздығы,адам/км²ОрталығыРеспубликалық маңызы бар қалалар1Алатырь 33 035Алатырь қаласы2Канаш 44 308Канаш қаласы3Жаңа Чебоксарск 127 763Жаңа Чебоксарск қаласы4Чебоксары 508 100Чебоксары қаласы5Шумерля 27 789Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2022 года Шумерля қаласыАудандар (муниципалды аудандар/округтер)1Алатырь 13 50619407,67Алатырь қаласы2Аликово 14 596554.128,66Аликово ауылы3Батыр 32 44299434,7Батырево ауылы4Вурнары 30 0671012.631,82Вурнары кенті5Ибреси 22 4141201.219,58Ибреси кенті6Канаш 33 503981.436,37Канаш қаласы7Козловка 17 736516.837,29Козловка қаласы8Комсомольское 23 920630.340,01Комсомольское ауылы9Красноармейское (муниципалды округі) 13 563456.331,29Красноармейское ауылы10Қызылчутай 12 844691.620,86Қызыл Чутай ауылы11Марпосад 20 858686.132,66Мария Посады қаласы12Моргауши 31 366845.339,05Моргауши ауылы13Порецкое 11 4321116.911,29Порецкое ауылы14Урмары 21 321598.338,43Урмары кенті15Цивильск 34 499790.845,55Цивильск қаласы16Чебоксары 62 2641331.746,74Кугеси кенті17Шемурша 11 438799.115,73Шемурша ауылы18Шумерля (муниципалды округ) 8 0331047.68,71Шумерля қаласы19Ядрин 23 589897.529,04Ядрин қаласы20Яльчики 15 396567.230,55Яльчики ауылы21Янтиково 13 377Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2021 года 524.428,26с. Янтиково

Саясаты нобай|Чуваш Республикасы Үкіметінің ғимараты 2012 жылға дейін Чуваш Республикасы ресми түрде мемлекет мәртебесіне ие болды. Чувашияның конституциясында (6-нұсқа - 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 46) осылай бекітілді: «Чуваш Республикасы Ресей Федерациясының құрамындағы республика (мемлекет) болып табылады».

Кеңес үкіметі кезінде республикада жоғары билік үш адамның арасында болды: Чувашия КОКП комитетінің бірінші хатшысы (шын мәнінде ол ең үлкен билікке ие болды), облыстық Кеңестің (заң шығарушы билік) төрағасы және Республикалық атқару комитеті (атқарушы билік) төрағасы. 1991 жылдан бастап КОКП барлық биліктен айырылды, ал республика әкімшілігінің басшысы, сайып келгенде, сайланған облыстық парламентпен бірге губернатор тағайындалды/сайланды.

Чувашияның 2020 жыл, 29 қаңтар күнінен бергі басшысы — «Әділ Ресей» партиясының мүшесі Олег Алексеевич Николаев.

Халқы

Ұлттық құрамы Ұлт1926 Санақ1939 Санақ1959 Санақ1970 Санақ1979 Санақ1989 Санақ2002 Санақ2010 Санақ1Нөмір %Нөмір %Нөмір %Нөмір %Нөмір %Нөмір %Нөмір %Нөмір %Чуваштар667,69574.6%777,20272.2%770,35170.2%856,24670.0%887,73868.4%906,92267.8%889,26867.7%814,75067.7%Орыстар178,89020.0%241,38622.4%263,69224.0%299,24124.5%338,15026.0%357,12026.7%348,51526.5%323,27426.9%Татарлар22,6352.5%29,0072.7%31,3572.9%36,2173.0%37,5732.9%35,6892.7%36,3792.8%34,2142.8%Мордвалар23,9582.7%22,5122.1%23,8632.2%21,0411.7%20,2761.6%18,6861.4%15,9931.2%13,0141.1%Басқалар1,3010.1%6,7030.6%8,5960.7%10,9300.9%14,8741.3%19,6061.4%23,5991.8%18,2981.6%1 Әкімшілік деректер базасынан 48 069 адам тіркеліп, ұлтын көрсете алмаған. Бұл топтағы этностардың үлесі жарияланған топтың үлесімен бірдей деп бағаланды.

Діни құрамы 2012 жылғы сауалнамаға сәйкес,Arena: Atlas of Religions and Nationalities of Russia Чувашия халқының 64,7%-ы Орыс Православ Шіркеуін ұстанады, 4%-ы ешбір шіркеуге немесе орыс емес православ шіркеулерінің мүшелеріне жатпайтын православиелік христиан дінін ұстанушылар, халықтың 3%-ы (негізінен татарлар) ислам дінін ұстанады, 3% христиан дінін ұстанады, 1% байырғы дінді ұстанады (чуваш халық діні Ваттисен Ялы). Сонымен қатар, халықтың 24%-ы «рухани, бірақ діни емес» деп өзін сипаттайды, 1%-ы атеист және 2,3%-ы басқа дінді ұстанады немесе сұраққа жауап бермеді. Ресей үкіметінің ресми тыйымына қарамастан, халық арасында Иегова куәгерлерінің саны артып келеді.

Чувашиядағы мектеп оқушылары үшін дінді оқу міндетті. Оқушылардың шамамен 76,9%-ы православиетану, 16,0%-ы зайырлы ғылымдар, 15,7%-ы дүниежүзілік дінтану және 1,4%-ы исламтану бойынша оқиды.

Дереккөздер

Санат:Чувашия