Маңәулие, Мыңәулие – Ырғыз өзенінің оң жағалаулық аңғарында, Тілепіттау тау сілемінің солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылының батысында 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 211 м, салыстырмалы биіктігі 79 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 4 км-ге жуық. Көлбеу беткейлері нашар тілімденген. Ырғыз өзенінің арнасы өтетін батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс беткейлері тіктеу келген. Оңтүстігінде Аққұдық қыстауына ұласады. Батысымен Ырғыз өзенінің саласы – Ащысай өзені ағып өтеді.

Өсімдігі Қуаң даланың кебірленген бозғылт қоңыр және қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан, теріскен, бұйырғын, т.б. шөптесіндер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы таулары