Мұқыр – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Семейтау тауының шығысындағы бұлақтардан алып, Мұқыр ауылы тұсында Ертіс өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 81 км, су жиналатын алабы 1350 км2. Ірі саласы – Ұзынбұлақ. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жаздың ыстық айларында өзен суы қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы – жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы