Жуантөбе – Ерейментау тауының оңтүстігіндегі сопақ пішінді тау. Қарабұлақ өзенінің оң жағалауында, Бозайғыр тауының солтүстік шетінен батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 554 м. Ұзындығы мен ені 1,5 – 2 км. Беткейлері тік құлама келген. Солтүстік беткейінде түпкі жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Оның бетін коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан, девонның жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Нашар дамыған күңгірт қоңыр топырағында қараған мен тобылғы аралас, бетегелі-боз өсімдіктер өскен.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары