Түркістан (Қоқанд) автономиясының туы (кейде Қоқанд автономиясы деп те атайды) – Түркістан автономиясының ресми символы болды. Бұл туды кейде шатасып, 1876 жылы жойылған Қоқан хандығының туы деп санайды. Бірақ оның бұл туға еш қатысы жоқ. 1917 жылдың қарашасынан 1918 жылдың ақпанына дейін қолданылды . Автономия туы 1917 жылы 25 қарашада (Юлиан күнтізбесі бойынша, кейбір дерекөздерде күн жаңа стильде айтылады – 8 желтоқсан) IV төтенше Бүкіл Түркістан өлкелік мұсылмандар съезінде бекітілді. 1917 жылы 27 (жаңа стиль бойынша – 10 желтоқсан) Түркістан « Демократиялық Федеративтік Ресей Республикасының құрамындағы автономды аумақ» болып жарияланды. Сол съезде Түркістан Уақытша халық сенаты мен автономияның Уақытша үкіметі сайланды.Түркішілдік лидерларының бірі болған Уақытша халық кеңесінің сыртқы байланыстар бөлімінің басқарушысы Мұстафа Шоқайдың ұсынысымен автономия туы бекітілді .
Ту қызыл және көк түсті бірдей көлденең жолақтардан тұратын, ақ жарты ай мен бес бұрышты жұлдызы бар төртбұрышты панельден болды. Тудың көгілдір түсі Түркістан аумағы халқының негізгі бөлігінің түркі халықтарына тиесілілігін, қызыл түс жаңару мен революцияны білдіреді. Тудың бүкіл дизайн, қызыл, жарты ай және жұлдыз Түркішілдік лидерлары мысал мен қорған санайтын Түркия туының дизайнын қайталады .
Одан кейінгі тулар
Тағы қараңыз
Түркістан туы Алаш автономиясының туы Шығыс Түркістан туы
Дереккөздер
Сілтемелер
Өзбекстанның тулары: Түркістан Санат:1918 жылғы тулар Санат:1917 жылғы тулар