Бендерн () — Лихтенштейндегі ауыл, Гамприн қаласымен бірге Гамприн ұйымдастығының құрамына кіреді. Аумағы 6,19 км2 және жалпы халқы 1664 (2015 ж. жағдай бойынша) жағынан елдегі ең кішкентай ауылдардың ішіндегі үшіншісі болып келеді. Ауылдың өзінде 470-ке жуық тұрғын болды (2007 ж.).
Тарихы Шваб соғысы кезінде швейцариялықтар ауылды өртеп жіберді. 1538–1636 Бендерн Реформациядан қашқан Курдағы Сент-Лузи аббаттығындағы премонстраттарды қабылдады. Бендерннің дөңдегі шіркеуі — ел тарихындағы маңызды орын саналады. 1699 жылы 16 наурызда Лихтенштейн кінәзі Шелленберг лордтығын сатып алғаннан кейін Лихтенштейннің ойпаты тұрғындары дөңдегі шіркеуде Лихтенштейн кінәзіне ант берді. Бендерн субұрқағы осы оқиғаның құрметіне арнап жасалды.
Осы жылдар ішінде маңызды қазба жұмыстары жүргізілді. Шіркеудің тарихы Каролинг-Оттон және Рим дәуірінен басталады. Қоныс орнының қыш ыдыс түріндегі көне іздері ерте замандарға жатады.
Неміс тілінде Benderner Fastentuch деп аталатын Мәриям Бикешке ғибадат жергілікті шіркеу үйінің баркалық төртбұрышты велумасы бүгінде Вадустағы Мемлекеттік мұражай қазыналарының бірі болып табылады, шіркеуде көшірмесі бар.
Географиясы Ауыл Рейн өзені жағалауы және Ешнербергте, Гамприн мен Швейцарияның шекарасына жақын жерде орналасқан. Ауыл Швейцарияның Хааг ауылымен, Зеннвалдтің кішкене ауылымен автомобил көпірі арқылы байланысады.
Экономикасы Ұйымдастықта азды-көпті 2500 жұмыс орны бар 100-ге жуық кәсіпорын бар, сонымен қатар ауылда елдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына мамандандырылған Лихтенштейн институты (LI) орналасты, сондай-ақ, 2017 жылға дейін осында Халықаралық философия академиясы (IAP) орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Лихтенштейн елді мекендері