Әбілқайыр Баймолдин (1909, Павлодар облысы Аққулы ауданы Тақыр ауылы — 4 қаңтар 1944, Невель) — әскери қайраткер, подполковникУчетно-послужная картотека Баймульдин Абильхаир (1944).
Өмірбаяны Жоғары офицерлік атты әскер мектебін Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. 1941 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Чкалов қаласында (қазіргі Орынбор) полк командирінің міндетін уақытша атқарды, ал 1942 жылдың 5 мамырынан бастап полк комиссары болды. Невель қаласын азат етуге қатысып, оның бірінші әскери коменданты болып бекітілді.
Марапаттары
Екі рет Қызыл Ту Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Есте сақтау
Невель қаласындағы бір көшеге Тақыр аулындағы мектепке бұрынғы “Восточный” кеңшарына оның есімі берілген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:1909 жылы туғандар Санат:Аққулы ауданында туғандар Санат:4 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Невельде қайтыс болғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері