KAZ Minerals — қазақстандық қазіргі заманғы аз шығынды тау-кен өндірістерін дамытуға бағдарланған мыс өндіруші компания. Топтың акциялары 2021 жылға дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында бағаланды. Компания Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған үш кеніш пен екі байыту фабрикасына, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс кен орнына және үш өсу жобасына ие: Бозшакөл, Ақтоғай және Көксай.
Тарихы Топ өз қызметін 1930 жылдары Қазақстанда мыс өндіруші кәсіпорын ретінде бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Топ жекешелендіріліп, ал 2005 жылы Лондон қор биржасында тіркелген болатын. 2014 жылы қайта ұйымдастырылғаннан кейін Топ атауы KAZ Minerals деп ауыстырылып, қазіргі кезде Қазақстанның ең ірі мыс өндіруші кәсіпорындарының біріне айналды. KAZ Minerals акциялары биржада бағаланған кезде ең жоғары өсу қарқынына қол жеткізіп, әлем бойынша шығыны ең аз мыс өндіруші кәсіпорындардың біріне айналды. 2021 жылдың сәуір айында Топты Nova Resources BV компаниясы сатып алды, ал 2021 жылғы 11 мамырда Топ Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылды.Топтың тарихы . KAZ Minerals.
Дереккөздер
Санат:Алматы компаниялары Санат:Мыс өндіруші компаниялар Санат:Қазақстанның тау-кен өндіруші компаниялары Санат:KAZ Minerals