Самал Абайқызы Төлеубаева (1974 жылы 23 шілдеде туған, Целиноград) – қазақстандық аудармашы-синхронист, арабтанушы, фарабитанушы. Филология ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны 1974 жылы 23 шілдеде Целиноградта дүниеге келген. 1998 жылы Марокконың Фес қаласындағы Сиди Мұхаммед бен Абдиллах университетін бітірді. Мамандығы – араб тілі мен әдебиеті.

1998 жылдан 1999 жылға дейін – Еуразия университетінің Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; 1999 жылдан 2000 жылға дейін – ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті; 2009 жылдан 2010 жылға дейін – ЕҰУ аймақтану кафедрасының доценті; 2010 жылдан 2015 жылға дейін – ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылдан бастап – ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры.

Аудармашы-синхронист ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпенhttps://www.youtube.com/watch?v=1uZLiykvx0w, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпенhttps://informburo.kz/stati/saudovskie-milliony-kakie-proekty-i-pocemu-finansiruet-saudovskaya-araviya-v-kazaxstane, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпенhttps://www.inform.kz/kz/maulen-ashimbaev-mysyr-okilderi-din-mamandaryn-dayarlauga-koldau-korsetedi_a3904723 жұмыс істеді.

Ғылым Фарабитанушы. 150-ден астам еңбек жазды, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы, 3 аударма, 30-ға жуық мақала жарияланды.

Дереккөздер

Санат:Филология ғылымдарының докторлары