Михайлов ауданы () — 1944–1957 жылдары болған Қазақ КСР Павлодар облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Орталығы — Михайловка ауылы.
Тарихы Михайлов ауданы 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданын бөлу арқылы Павлодар облысының құрамында құрылып, Ілияс, Қазақстан, Партизан, Есқара, Ворошилов, Михайлов, Будённый, Благодатный, Ново-Кузьмин, Жамбыл, Жаңа Жұлдыз, Краснов ауылдық кеңестері берілді.
1951 жылы 1 қаңтарда аудан құрамына 12 ауылдық кеңес кірді: Благодатное, Будённый, Ворошилов, Жамбыл, Жаңа Жұлдыз, Ілияс, Есқара, Қазақстан, Красновка, Михайлов, Ново-Кузьмин және Партизан.
1954 жылы Қазақстан ауылдық кеңесі Ворошилов ауылдық кеңесіне, Будённый ауылдық кеңесі Есқара ауылдық кеңесіне, Ілияс және Благодатный ауылдық кеңестері Михайлов ауылдық кеңесіне қосылды. Жаңа Жұлдыз ауылдық кеңесі таратылды.
1957 жылы 7 қаңтарда «Озёрный» астық кеңшарының орталығында Озёрный ауылдық кеңесі, ХІХ партсъезд атындағы астық кеңшарының орталығында Алакөл ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 30 шілдеде Есқара, Ворошилов ауылдық кеңестері Ново-Кузьмин ауылдық кеңесіне, Жамбыл ауылдық кеңесі Озёрный ауылдық кеңесіне қосылды. Ново-Кузьмин ауылдық кеңесі Қазақстан ауылдық кеңесі болып өзгертілді. «Михайлов» астық кеңшарының орталығында Совхозный ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 16 тамызда Петропавл ауылдық кеңесі құрылды.
1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы таратылып, аумағы Өрлітөбе ауданына берілді .
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары