Гвере (өз атауы: багвере, ньяла) — Угандада тұратын, жалпы саны 500 мың адамды құрайтын ұлт. Гверлермен туыстас халықтар сога және ньяла халықтары.
Тілі Банту тілі тобына жататын халықтарға жатады.
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.
Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, маниок, банан, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы (ірі қара, қой мен ешкі), өзен-көлдерде балық аулау. Ауыл шаруашылығында негізінен әйелдер жұмыс істесе, ерлер мал шаруашылығы мен балық аулаумен айналысады. Дәнді дақылдардың (мақта, шай, қант қамысы, кофе) кең таралуы эксплуатация дамуына ықпал етті. Гверлердің бір бөлігі өнеркәсіпте шаруашылық және жалдамалы жұмыстармен айналысады. Құрақ, пальма талшықтарынан, сабаннан (себет, төсеніш, т.б.) өру, сондай-ақ геометриялық әшекейлері мол ыдыстар жасау дамыған.
Өмір салты Рулық институттар қоғамдық ұйымның негізі болды. Дәстүрлі қоғамдық ұйымда үлкен отбасылық ауыл қауымы сақталған. Туыстық есеп – патрилинейлік, Неке патрилокальды.
Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері дөңгелек пішінді, конустық төбесі орталық үш тірекке тіреледі, шатыры жерге төмен түсіп тұрады. Астыққа қоралары тіректер арқылы жер деңгейінен жоғары көтеріліп салынады.
Дәстүрлі киімдері (таңғыш маталар мен талшықтан жасалған жабындылар ) еуропалық костюмдерге ауыстырылуда.
Негізгі тағамдары - тары ботқасы, банандар, көкөністер, сүт.
Дереккөздер
Санат:Уганда халықтары