Сержинский белок – Иванов жотасының орта бөлігіндегі таулар.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мен Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2076 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доға тəріздес 24 км-ге созылған, енді жері 7–8 км шамасында. Тихая жəне Марчиха өзендерінің суайрығы. Геологиялық құрылымы құмтас, əктас, кристалдық тау жыныстарынан түзілген. Солтүстік-батысында Холодный белок, батысында Черепановский белок, оңтүстігінде Скупной белок, оңтүстік-шығысында Щебнюха, шығысында Проходной белок таулары қоршап жатыр. Тау аралық аңғарлармен тілімденген.
Өсімдігі Таудың төменгі беткейіндегі күңгірт қоңыр жəне қара топырақ жамылғысында шырша, қарағай, көктерек аралас орман өседі. Атырабы – шабындық, мал жайылымы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алтай ауданы таулары Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары