Синяя – Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Палатцы ауылының солтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1041 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Шығыс беткейі тіктеу, оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңістенеді. Өзен аңғарларымен тілімденген.
Өсімдігі Таудың альпілік шалғынды топырағында далаға тəн түрлі шөптесіндер, бұталар өседі. Атырабы шабындық жəне жайылым. Солтүстік-батысында Холодная Сопка тауы бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Самар ауданы таулары