Хатлон облысы () — Тәжікстан құрамындағы елдің оңтүстік-батысында орналасқан облысы. Орталығы Хатлон қаласында орналасқан облыстың халық саны 3,048,200 адамға тең, және жерінің ауданы 24,600 шаршы километрге тең.
Географиясы thumb|left|Тәжікстанның Вахш өзені Облыс елдің оңтүстік-батысында орналасқан, ол Ауғанстанның Бадахшан, Балх, Құндыз және Тахар провинцияларымен және Өзбекстанның Сұрқандария облысымен шектеседі.
Хатлон облысының климаты континенттік болып келеді. Облыс жерінің көпшілігінде таулар орналасқан.
Тарихы Кеңес Одағы жылдары қазіргі Хатлон облысы жерінде екі облыс болатын: батысындағы облысы және шығысындағы .
Кеңес үкіметі жүргізген қатал коллективизация саясатының нәтижесінде өздерін ғармлар деп атайтын Орталық тәжіктер таулы аймақтан елдің батысы, соның ішінде жері жазығырақ жеріне көшуге мәжбүр болды, олар түрлі мемлекеттік қызметтерден шеттетілді, кемсіту көрді, таулы жерден отырықшы өмір салтына көшуде қиындықтарға тап болды. Осы қатал саясаттың және халықтың жаппай орын ауыстыруы қазіргі Тәжікстанда да байқалады: Хатлон облысының тәжіктерінің бір жартысы өздерін таулардан келген ғармлар деп санаса, қалғаны кулябтықтар деп аталады. жылы орын алған Тәжік азаматтық соғысы кезінде осы екі топ арасында ірі қақтығыстар болды, Хатлон облысы елдің ең көп зардап шеккен аймағы болды.
Азаматтық соғыстан бері екі топ арасындағы шиеленіс әлі де сезіледі, шығыстағы Куляб тумалары үкіметтің көпшілігін басқаруда, қазіргі президенті Эмомали Рахмон мен оның кланы кулябтықтар болып саналады. Облыс орталығы Бохтардағы ғармлар көпшілігі Исламистік оппозицияны қолдайды.Borjian, Habib, Kurgan Tepe, Encyclopaedia Iranica Online
Халқы Ұлттық құрамы 2010 жылғы санақ бойынша Хатлон облысы халқының 81.8% тәжіктер, 12.9% өзбектер және 0.5% түрікмендер. Қалған 4.6% халық — басқа ұлт өкілдері.
Халық саны Тарихи халқы Жылы Халқы +/- 1979 1,220,949 — 1989 1,701,380 +3.37% 1999 2,150,136 +2.37% 2010 2,677,251 +2.01% 2020 3,348,300 +2.26
Әкімшілік бөлінісі Хатлон облысы 4 қала және 21 ауданға бөлінген. № Аудан Тәжікше атауы Орысша атауы Орталығы Ауданы (км²) Халық саны(қаңтар 2020) 1 Бальджуван Ноҳияи Балҷувон Балджуванский район Балжуан ауылы 1,300 30,4 2 Данғара Ноҳияи Данғара Дангаринский район Даңғара 2,000 161 3 Ашт Ноҳияи Дӯстӣ район Дусти Ҷиликӯл (Жылыкөл) 1,200 117,1 4 Пархар Ноҳияи Фархор Пархарский район Пархар 1,200 170,8 5 Хамадони Ноҳияи Ҳамадони район Хамадони Московский 500 23,3 6 Джалолиддин Балхи Ноҳияи Ҷалолиддин Балхӣ район Джалолиддин Балхи Балх 900 26,4 10 Джайхун Ноҳияи Ҷайҳун район Джайхун Досты 1,000 139 11 Әбдірахман Жәми Ноҳияи Абдураҳмони Ҷомӣ район Абдурахмана Джами Әбдірахман Жәми 600 175,8 13 Хорасан Ноҳияи Хуросон Хуросонский район Обикиик 900 116,5 14 Кушониён Ноҳияи Кӯшониён Кушониёнский район Исмаил Самани 600 245,9 15 Муминабад Ноҳияи Мӯъминобод Муминабадский район Чорсу 900 94,7 16 Носири Хусрав Ноҳияи Носири Хусрав район Носири Хусрав Бахори 800 39,3 15 Пандж Ноҳияи Панҷ Пянджский район Пәнж 900 119,7 15 Құбодиён Ноҳияи Қубодиён Кубодиёнский район Муминабад 900 94,7 15 Шахритус Ноҳияи Шаҳритӯс Шахритусский район Тус 1,500 130 15 Шамсиддин Шохин Ноҳияи Шамсиддин Шоҳин район Шамсиддин Шохин Шурообод 2,300 55,5 15 Темірмәлік Ноҳияи Темурмалик Темурмаликский район Бахманруд 1,000 69,8 15 Вахш Ноҳияи Вахш Вахшский район Вахш 1,000 199,3 15 Восеъ Ноҳияи Восеъ Восейский район Хулбук 900 94,7 15 Ёвон Ноҳияи Ёвон Яванский район Муминабад 900 234,6
Дереккөздер
*