thumb|right|300px| Елі – саусақтың көлденең еніне тең келетіндей жалпақтық, қалыңдық, ұзындықты білдіретін халықтық өлшем бірлігі. Қазіргі өлшем бойынша 2 см-ден асатын мөлшер. Мәселен, өлшенетін зат көлемін анықтайтын кезде сұқ саусақтан бастап шынашаққа дейінгі саусақтар ауқымына келіп тұрса "төрт елі" деп атайды (шамамен 7-8 см).

Бас бармақтың ені үшін (қазіргі өлшеммен 2,2-2,3 см) жазба деректерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған. Ою-өрнектің мөлшері, жылқының семіздігі қазы майының қалыңдық мөлшерімен (табан қазы, үш елі қазы, екі елі қазы, шынашақ қазы деп қазы майының қалыңдығымен) белгіленген, яғни елі өлшенген.ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9

Дереккөздер

Әдебиеттер Аққошқаров Е. Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер // Тілтаным. 2003, No2. 131-137-бб.; Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару жарағының этнографиясы. Ғылыми редактор және алғы сөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Алматыкітап, 2006;

Санат:Қазақ салт-дәстүрлері