Смерш ( деген сөзден шыққан) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағындағы бірқатар тәуелсіз қарсы барлау ұйымдарының атауы.
Қорғаныс халық комиссариатының (ҚХК) «Смерш» қарсы барлаудың бас бөлімі — әскери қарсы барлау, бастығы — В.С.Абакумов. Тікелей қорғаныс халық комиссары И.В.Сталинге бағынды. Әскери-теңіз флоты халық комиссариатының «Смерш» қарсы барлау басқармасы, бастығы — жағалау қызметінің генерал-лейтенанты П.А. Гладков. Әскери-теңіз флотының халық комиссары Н.Г.Кузнецовқа бағынды. Ішкі істер халық комиссариатының «Смерш» қарсы барлау бөлімі, бастығы — С.П.Юхимович. Халық комиссары Л.П.Берияға бағынды.
Ұйымдасуы thumb|right|200px|Қорғаныс халық комиссариатының «Смерш» жедел уәкілді аға майоры М.А.Казаковтың генерал-майор Н.А.Королев қол қойған жеке куәлігі (1943)
1943 жылы 19 сәуірде КСРО халық комиссарлар кеңесінің № 415-138сс құпия қаулысымен КСРО ІІХК Арнайы бөлімдер басқармасының (АББ) негізінде мыналар құрылды: Қарсы барлау бас басқармасы КСРО қорғаныс халық комиссариаты «Смерш», бастығы — 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары В.С.Абакумов. КСРО әскери-теңіз флоты халық комиссариатының «Смерш» қарсы барлау басқармасы, бастығы — Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары П.А. Гладков. 1943 жылы 15 мамырда ХКК жоғарыда аталған шешіміне сәйкес, Ішкі істер халық комиссариатының шекара және ішкі әскерлерінің, милицияның және басқа да қарулы құрамалардың агентуралық-жедел қызметтері үшін КСРО ІІХК № 00856 бұйрығымен КСРО ІІХК «Смерш» Қарсы барлау бөлімі (ҚББ) құрылды, бастығы — Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары С.П.Юхимович, ал 1944 жылдың мамырында басқа жұмысқа ауысуына байланысты ІІХК кадр бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Владимир Иванович Смирнов КСРО ІІХК «Смерш» ҚББ бастығы болып бекітіліп, соғыстың соңына дейін осы қызметте жұмыс атқарды.
Бұл үш құрылым тәуелсіз қарсы барлау бөлімшелері болды және тек осы бөлімдердің басшылығына бағынды. ҚХК «Смерш» қарсы барлаудың бас басқармасы тікелей қорғаныс халық комиссары Сталинге, ӘТФХК «Смерш» қарсы барлау басқармасы флот халық комиссары Кузнецовке, «Смерш» қарсы барлау бөлімі Ішкі істер халық комиссариатында тікелей халық комиссары Берияға бағынды. Кейбір зерттеушілердің Берия мен Абакумов Смерш құрылымдарын өзара бақылау мақсатында пайдаланды деген болжамы мұрағаттық дереккөздердің құжаттарымен расталмады.
1943 жылы 21 сәуірде И.В.Сталин «ҚХК («Смерш») бас қарсы барлау басқармасы және оның жергілікті органдары туралы ережені бекіту туралы» ҚМК № 3222 сс/ов Қаулысына қол қойды. Бұл қаулы құпияда сақталуда Документ 3222сс/ов. На секретном хранении..
1943 жылы 31 мамырда И.В.Сталин «ӘТФХК («Смерш») қарсы барлау басқармасы және оның жергілікті органдары туралы ережені бекіту туралы» ҚМК № 3461 сс/ов Қаулысына қол қойды. Бұл қаулы құпияда сақталудаДокумент 3461сс/ов. На секретном хранении..
КСРО Қорғаныс халық комиссары И.В.Сталин 1943 жылы 29 сәуірде (№ 1/сш бұйрығы) ҚБББ «Смерштің» жеке құрамы туралы бірінші бұйрығымен негізінен «чекист» арнайы атақтары бар жаңа Главка офицерлеріне шен берудің жаңа тәртібін белгіледі:
«„СМЕРШ“ Қорғаныс халық комиссариатының қарсы барлау бас басқармасы және оның жергілікті органдары туралы Мемлекеттік қорғаныс комитеті бекіткен ережеге сәйкес, — Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н: 1. „СМЕРШ“ органдарының жеке құрамына КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен белгіленген әскери атақтар мынадай тәртіппен берілсін: „СМЕРШ“ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ҚҰРАМЫНА: а) мем. қауіпсіздіктің кіші лейтенант атағы барға — КІШІ ЛЕЙТЕНАНТ; ә) мем. қауіпсіздіктің лейтенант атағы барға — ЛЕЙТЕНАНТ; б) мем. қауіпсіздіктің аға лейтенант атағы барға — АҒА ЛЕЙТЕНАНТ; в) мем. қауіпсіздіктің капитан атағы барға — КАПИТАН; г) мем. қауіпсіздіктің майор атағы барға — МАЙОР; ғ) мем. қауіпсіздіктің подполковник атағы барға — ПОДПОЛКОВНИК; д) мем. қауіпсіздіктің полковник атағы барға — ПОЛКОВНИК;
2. Мемлекеттiк қауiпсiздiк комиссары және одан жоғары шенi бар басқарушы құрамның қалған адамдарға әскери атақтар арнайы тәртіппен берiледi».
Дегенмен, бұл ретте әскери қарсы барлау офицерлері – «смершілдер» (бұл әсіресе аға офицерлерге қатысты) мемлекеттік қауіпсіздіктің арнайы шендерін алған мысалдар жеткілікті. Мысалы, МҚ подполковнигі Г.И.Поляков (шені 1943 жылы 11 ақпанда берілді) 1943 жылдың желтоқсанынан 1945 жылдың наурызына дейін 109-атқыштар дивизиясының «СМЕРШ» қарсы барлау бөлімін басқарды.
Барлық үш «Смерш» мекеменің қызметкерлері өздері қызмет ететін әскери бөлімдер мен құрамалардың нысанды формасы мен айырым белгілерін киюге міндетті болды.
1943 жылы 26 мамырда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің № 592 Жарлығымен (басылымда жарияланған) КСРО ХКК Смерш органдарының (ҚХК және ӘТФХК) жоғары лауазымды қызметкерлеріне жалпы генералдық шендер берілді.
КСРО ҚХК «Смерш» ҚБББ орталық кеңсесі ІІХК және МҚХК бірге Мәскеудегі Дзержинский алаңы, 2-үй, төртінші және жетінші қабаттарда орналасты.
КСРО ӘТФХК ҚББ орталық кеңсесі Мәскеуде Гоголь желекжолы, 16-да орналасты.
КСРО ҚХК «Смерш» ҚБББ бастығы В.С.Абакумов қосымша Қорғаныс халық комиссарының орынбасары (ол бұл қызметті бір айдан сәл астам уақыт бойы атқарды — 19.04 бастап 25.05.1943 жылға дейін) болып тағайындалғанына қарамастан, 1945 жылдың шілдесіне дейін 2-дәрежелі МҚ комиссары «чекистік» арнайы атағын сақтаған бірден-бір «әскери смершіл» болып табылады.
1943 жылы 24 шілдеде КСРО ӘТФХК «Смерш» ҚББ бастығы П.А.Гладков жағалау қызметінің генерал-майоры болды, ал КСРО ІІХК «Смерш» ҚББ бастығы С.П.Юхимович 1945 жылдың шілдесіне дейін Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары болып қала берді.
Қызметі 1941 жылы Сталин КСРО Қорғаныс мемлекеттік комитетінің жау әскерлерімен тұтқынға алынған немесе қоршауда қалған Қызыл Әскер жауынгерлерін мемлекеттік тексеру (сүзгілеу) туралы жарлығына қол қойды. Осындай тәртіп мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жедел құрамына қатысты да жүргізілді. Әскери қызметкерлерді сүзу олардың арасынан сатқындарды, тыңшыларды және дезертирлерді анықтауды қамтамасыз етті. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен майдандардың штаб-пәтерінде Смерш органдарының қызметкерлері қатысқан репатриация істері жөніндегі бөлімдер жұмыс істей бастады. Жиналма-айдаушы орындары бұрын неміс әскерлері мен Үшінші рейхтің оккупациялық әкімшілігінің бақылауындағы аумақтарда ұсталған, қазір алға басып келе жатқан Қызыл Әскер басып алған кеңес азаматтарын қабылдау және тексеру үшін құрылды.
Қарсы барлау қызметіндегі Смерштің негізгі қарсыластары: Абвер (1919-1944 жж. неміс барлау және қарсы барлау қызметі), жорық жандармериясы және Германияның империялық қауіпсіздік бас басқармасы, фин және румын әскери барлаулары болды.
СМЕРШ ҚБББ жедел құрамындағы қызмет өте қауіпті болды — орташа есеппен жедел қызметкер 3 ай қызмет етті, содан кейін ол қайтыс болуына немесе жарақатына байланысты шықты. Тек Беларусь жерін азат ету үшін болған шайқастарда 236 әскери қарсы барлаушы қаза тауып, 136-сы хабарсыз кеткен. Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қарсы барлаушы (қайтыс болғаннан кейін) 3-гвардиялық танк әскері 9-механикаландырылған корпусының 71-механикаландырылған бригадасындағы мотоатқыштар батальонының «СМЕРШ» қарсы барлау бөлімінің жедел уәкілді аға лейтенанты П.А. Жидков болды.
ІІХК әскерлеріндегі «Смерш» қарсы барлау бөлімдері келесі міндеттерді шешті:
а) ІІХК әскерлерінің бөліктерінде және олардың айналасындағылар арасында шетелдік барлау органдарының тыңшылық, диверсиялық, террористік және басқа да бүлдіргіш әрекеттерімен күресуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
ә) ІІХК әскерлерінің бөліктеріне еніп кеткен антикеңестік элементтермен күрес;
б) Әскер қатарына алынған, жау қолына түскен және қоршауға түскен әскери қызметкерлерді зерделеу және тексеру;
в) Отанға деген опасыздық және сатқындықпенен, ІІХК әскерлері бөліктерінің мүшесін жаралау және дезертирлік әрекетпен күресу;
г) Әскери қызметкерлердің заңсыз әрекеттері мен олардың қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алуы бойынша алдын алу іс-шараларын қолбасшылық арқылы жүргізу;
ғ) ІІХК әскерлері әскери қызметшілерінің, «Смерш» қарсы барлау қызметкерлері мен агенттерінің заңсыз әрекеттері, өлімі фактілері бойынша тергеу жүргізу;
д) ІІХК «Смерш» органдарының құзыретіне жатқызылған істер бойынша қылмыстық істерді қозғау және тергеу жүргізу;
е) Мемлекеттік мерекелер мен маңызды саяси оқиғалар кезінде әскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ж) Ішкі істер халық комиссарының арнайы тапсырмаларын орындау;
Осы міндеттерді орындау үшін Смерш қарсы барлау бөлімі және оның жергілікті органдары мыналарға құқылы болды:
а) агентуралы-ақпараттық жұмыстарды жүргізуге;
ә) заңда белгiленген тәртiппен ІІХК әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн, сондай-ақ қылмыстық әрекетке күдiктi азаматтық тұрғындардан олармен байланысты адамдарды ұстауды, тінтуді және қамауға алуды жүзеге асыруға.
б) қамауға алынғандардың істері бойынша прокуратурамен келісім бойынша тиісті сот органдарының немесе КСРО Ішкі істер халық комиссариаты қарамағындағы арнайы жиынның қарауына істерді тапсыруға дейін тергеу жүргізуге;
в) шетелдік барлау агенттері мен антикеңестік элементтердің қылмыстық әрекетін ашуға бағытталған әртүрлі арнайы шараларды қолдануға;
г) қолбасшылықпен алдын ала келісімсіз жедел қажеттілік туындаған жағдайда және жауап алу үшін ІІХК әскерлерінің қатардағы және әміршіл басқарушы құрамын шақыруға;
1943 жылғы мамырдан 1944 жылғы тамызға дейінгі кезеңде СМЕРШ қарсы барлау органдарының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ІІХК әскерлері мен олардың айналасындағыларда: Отанын сатқын 293 адам, тыңшылық жасады деген 100 күдікті, неміс басқыншыларына сыбайлас болған 76 адам, 356 дезертир, лаңкестік мақсаты бар 58 адам анықталды.
Тәртіптік іс-шаралары СМЕРШ ҚБББ қызметі тұтқыннан оралған сарбаздарды сүзгілеуді, сондай-ақ майдан шебін неміс агенттері мен антикеңестік элементтерден алдын ала тазартуды (ІІХК әскерлерімен бірге соғысушы армияның және аумақтық органдардың тылын қорғау үшін) қамтыды. СМЕРШ Ресей азаттық әскері сияқты Германия жағында соғысқан антикеңестік қарулы топтарда әрекет еткен кеңес азаматтарын іздеуге, ұстауға және тергеуге белсенді қатысты.
Қадағалауы Сонымен қатар, Смерш әскерлердегі құпия полиция міндетін орындады, әр бөлімшеде күрделі өмірбаяндары бар сарбаздар мен офицерлермен және жалданған агенттермен айналысатын өзінің арнайы қызметкері болды. Басқаша көзқарасты аңду және бақылау үшін Смерш тылдағы және майдандағы азаматтарды бақылаудың тұтас жүйесін құрып, оны қолдады. Өлім қаупі құпия қызметпен ынтымақтастыққа және әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарға негізсіз айып тағуға әкелдіРожнов Константин. «СМЕРШ»: контрразведка или орудие репрессий? BBC Russian.com.
Кеңес Одағына достық тәртіптер орнаған Шығыс Еуропа елдеріне сталиндік террор жүйесінің таралуына СМЕРШ де үлкен рөл атқарды. Мысалы, Польша мен Германия аумағында соғыстан кейін кейбір бұрынғы нацистік концлагерьлер жаңа режимдердің идеологиялық қарсыластарын қуғын-сүргінге ұшырататын орын ретінде Смерш «аясында» жұмысын жалғастырды (негіздеме ретінде бұл туралы бұрынғы Бухенвалд нацистік концлагерьде соғыстан кейін бірнеше жыл өткен соң социалистік таңдаудың 60 мыңнан астам қарсыластары болды деген ақпарат беріледі). Дегенмен, кеңестік мұрағат деректері бойынша 1945-1950 жылдар аралығында лагерь арқылы 28 455 тұтқын өткенPetra Weber, Justiz und Diktatur: Justizverwaltung und politische Strafjustiz in Thüringen 1945—1961 : Veröffentlichungen zur SBZ-/DDR -Forschung im Institut für Zeitgeschichte, Oldenbourg Wissenschaftsverlag, 2000, p. 99, ISBN 3-486-56463-3..
Радио ойындар Қарсыластармен күресудің бір түрі радио ойындар болды. 1943 жылдан бастап соғыстың соңына дейін КСРО ҚХК Смерш ҚБББ орталық аппараты мен оның майдан бөлімшелерімен 186 радио ойын жүргізілді. Осы «ойындар» кезінде кеңес аумағында 400-ден астам кадрлы қызметкер мен нацистік агент жойылып, ондаған тонна жүк ұсталды. Радио ойындарға негізделген мұндай операцияларды атауға болады:
«Қаршыға», «Львов», «Бандура», «Дуэт», «Қазыбек»,
«Тексерушілер», «Орманшылар», «Байланыстырушы», «Арийлер», «Янус»,