Ливиялықтар (ливиялық арабтар) — Ливияның негізгі халқы. Халқы 4,7 млн ​​адам, оның ішінде Ливияда 4,5 млн адам, Мысырда 140 мың адам. (2009, бағалау).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2650358

Тілі Ливиялықтар сөйлейтін негізгі тіл - араб тілі, ресми тіл болып табылады. Ливиялықтар Магриб диалектілер тобына кіретін араб тілінің Ливия диалектісінде сөйлейді. Қазір ірі қалаларда араб тілімен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен тараған.Ливийцы https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/379628

Діні Ливиялықтардың 97 пайызы мұсылмандар. Ливиялықтар арасында басым дін – ислам. Олар суннизмді ұстанады.

Тарихы Ұлт ретінде ливиялықтар VII-IX ғасырларда осы аумақтарға қоныс аударған аборигендер — бербер тайпалары мен арабтардың араласуы арқылы қалыптасты. Араб әскерилері басшылардың құқықтарын жойып, артықшылықтарынан айырды. Аборигендер басқыншыларға қарсы көтерілістер ұйымдастырды, бірақ олардың әскери күштеріне қарсы тұра алмады. Бірте-бірте жергілікті халық исламды қабылдады, арабтармен ассимиляцияланды. XVI ғасырда Жерорта теңізінің суларында қарақшылықпен айналыса бастаған түріктер елді басып алды. XIX ғасырда француз үкіметінің қысымымен қарақшылық тоқтап, құл саудасына тыйым салынды.Ливийцы — как живут потомки кочевых племен Источник: https://travelask.ru/articles/liviytsy-kak-zhivut-potomki-kochevyh-plemen

Кәсібі Жағалауда егіншілікпен (зәйтүн, цитрус жемістері, құрма, арпа, бидай), оңтүстік және орталық аймақтарда ірі қара мал шаруашылығымен (ешкі, қой, түйе, аз дәрежеде жылқы) айналысады. Кейбір ливиялықтар мұнай кен орындарында жұмыс істейді.

Кілем, бедерлі және кестелі былғары бұйымдарын жасау, мыс ыдыстар жасау, пальма жапырақтарынан тоқу дамыған.народы мира / Ливийцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=LIVI

Өмір салты Ливия халықтары көп жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазір, әсіресе мұнайдың ашылуына байланысты көптеген өзгерістер болды. Қазіргі ливиялықтардың көпшілігі қалалық пәтерлерде тұрады. Бірақ көшпелі өмір салтын жалғастырушы тайпалар шатырларға қоныстанады. Сондай-ақ, олар жиһазсыз балшықпен сыланған үйлер салып, төсеніштерде ұйықтайды.

Киімдері араб үлгісіндегі киім. Қоғамдық орындарда қысқа, ашық әйелдер костюмдері мен ерлердің шорттарын киюге болмайды. Әйелдер үйден шыққанда бетін жауып жүреді. Негізі жұмыс істемейді, үй шаруасымен айналысады, негізінен олар көп балалы. Некеден тыс қарым-қатынасқа қатаң тыйым салынады.Ливийцы https://school1208.ru/raznoe/liviycy.html Ливийцы https://www.istmira.com/novosti-istorii/15214-livijcy-narod.html

Дереккөздер

Санат:Ливия халықтары Санат:Мысыр халықтары