Валентина Ивановна Матвиенко (тумасында - Тютина, 7 сәуір 1949 жыл, Хмельницкий облысы) — ресейлік мемлекеттік және саяси қайраткер, дипломат, 2011 жылдан бері Ресей Федерация Кеңесінің төрайымы.
Федерация Кеңесінің төрайымы лауазымымен қатар ол ТМД парламентаралық ассамблеясының төрайымы және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болып келеді. Бұрын Матвиенко Санкт-Петербургтың 5-губернаторы (2003–2011), Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасының орынбасары (1998–2003), Ресейдің Грекиядағы (1997–1998) және Мальтадағы (1991–1994) елшісі, КСРО халықтық депутаты қызметтерінде болған.
Жеке өмірі Жұбайы, медицина қызметінің полковнигі Владимир Васильевич Матвиенко 2018 жылы қайтыс болған. Жалғыз баласы, ұлы Сергей — бизнесмен, бірнеше компанияның иесі.
Дереккөздер
Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері Санат:Саясаттағы Ресей әйелдері Санат:Ресей елшілері