нобай| нобай| Астанадағы Қаламгерлер аллеясы Абай даңғылы мен Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан.

Ол 2019 жылы өткен Азия елдері ақын-жазушыларының I форумы аясында ашылды. Оның аумағы 1,2 гектарды қамтиды. Онда жалпы есеппен 50 шырша егіліп, 428 жарықшам орнатылған. Аллеяға Абай Құнанбайұлының сөзі жазылған мәрмәрдан жасалған кітап мүсіні қойылған.Елордада – қаламгерлер аллеясы — Астана ақшамы, 7.09.2019.

Қалам ұстаған шығармашылық қауымына көрсетілетін құрметтің тағы бір парасы ретінде аллеяда екі мүсіндік композиция орнатылған. Оның біреуінде қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлин бейнеленіп көрсетілсе,Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылды — Егемен Қазақстан, 15.12.2019. екіншісі Алаш қозғалысының көшбасшылары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовқа арналып жасалған.Елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылды — Егемен Қазақстан, 4.07.2021.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Қаламгерлер аллеясы (Қызылорда)

Санат:Астана саябақтары