Белов Анатолий Сергеевич (1938 жылы туған) — құрылысшы-инженер. Социалистік Еңбек Ері. Ақмола инжинерлік-құрылыс институтын бітірген (1959). Еңбек жолын 1953 жылы Новосібір облысында жұмысшы болып бастаған. 1957 — 60 жылдары Кеңес армиясы қатарында борышын өтеген. 1961 жылдан Степногорск құрылыс басқармасында дәнекерлеуші, бригадир, инженер, прораб, телім бастығы болған. Белов жоспарды артығымен орындап, жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде жоғары көрсеткіштерге жеткен. КСРО орден, медальдарымен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:26 мамырда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері