Густаво Леонардо Куэльяр Гальего (; 14 қазан 1992 жыл, Барранкилья, Колумбия) — колумбиялық футболшы, «Аль-Хилал» клубының және Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы 2015 жылдың 9 қыркүйегінде Куэльяр Колумбия құрамасы сапында Перумен жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты.
2019 жылы Куэльяр Бразилияда өткен Америка кубогына қатысты. Турнирде ол Парагвайға қарсы матчтарда ойнады. Парагвайлықтармен өткен жекпе-жекте Густаво ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
2021 жылы Куэльяр Бразилияда өткен Америка кубогына екінші рет қатысты. Турнирде ол Эквадор, Бразилия, Уругвай , Аргентина және екі рет Перу командаларымен матчтарда ойнады.
Жетістіктері
Рио-де-Жанейро штатының чемпионы - 2017 Оңтүстік Америка кубогының финалисті – 2017 Колумбия кубогының иегері - 2010, 2015 Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы (2) - 2019/2020, 2020/2021 Сауд Арабиясы Чемпиондар Кубогының 2019/2020 жеңімпазы 2019 жылғы АФК Чемпиондар лигасының жеңімпазы Америка кубогының қола жүлдегері: 2021
Дереккөздер
Санат:Колумбия футболшылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Хуниор ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК ойыншылары Санат:Депортиво Кали ФК ойыншылары