Нұрбол Нұрберген (2000 жылдың 26 желтоқсаны, Талдықорған, Алматы облысы, Қазақстан) — Қазақстандық футболшы, "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы.

Клубтық мансабы Футболдық мансабын Жетісу U21 клубында 2018 жылы бастады. 2021 жылғы 14 сәуірде "Атырауға" қарсы матчта (2:2) 93 минутта Аслан Әділдің орнына шығып, Қазақстан премьер-лигасында дебют жасады. 2021 жылғы 28 маусым "Тұранға" қарсы ойында (2:0) алғашқы голын салды. 2021 жылғы 10 шілде "Қайратқа" қарсы матчта 73 минутта Аслан Жанұзақовтың орнына шығып, Қазақстан кубогында дебют жасады.

Құрамадағы мансабы 2021 жылғы 7 қыркүйекте 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының 21 жасқа дейінгі Данияға қарсы жолдастық ойында дебют жасады.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Жетісу-Б ФК ойыншылары