Stardust () — комета тозаңының үлгісін Жерге жеткізген алғашқы ғарыштық миссия, НАСА агенттігінің Discovery бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Аппарат ғарышқа 1999 жылы ұшырылып, 81P/Вильд кометасының тозаңын Жерге 2006 жылы жеткізді. Негізгі миссиядан бөлек аппарат тағы екі шағын аспан денесін жақыннан зерттеген. (5535) Аннафранк астероидымен жақындасу 2002 жылы орын алды.
2006 жылы миссияның атауы Stardust-NExT деп өзгертілді. 2011 жылы аппарат 9P/Темпель кометасының жанынан өтті және өз миссиясын аяқтады.
Дереккөздер
Санат:NASA Санат:Ғарыш зерттеулері