Хасар, Жошы Хасар (; 1164 – 1213/1219) — Есугей мен Өелүннің ұлы, Шыңғыс ханның туған інісі. Асқан мергендігі үшін оны Хабуту Хасар деп атаған.
Өмірбаяны Хасар Шыңғыс ханның қайғысымен, қуанышын бірге бөліскен адал одақтасы болды. Хасардың өтірік сатқындығының арқасында Шыңғыс хан 1203 жылы Керейт ханы Ван ханды тұзаққа түсіріп, моңғол тайпаларын біріктіру жолында шешуші жеңіске жетті. Тек бір рет ол Шыңғыс ханнан теріс айналды - бақсы Көкшу хан әулетімен жандалдасқан кезде.
Шыңғыс хан өз империясын ұлыстарға бөлген кезде Хасарға Үлкен Хинган жотасының батысында, Арғұн мен Хайлар өзендерінің аралығынан ұлыс бөліп берді.
Шыңғыс ханның інілерінің ұрпақтарынан тек Хасар ұрпақтары князьдік құқықты алды (қалғандары ақсүйектер құрамына кірді). 1336 жылы Табаристан тағына Хасардың Тоға-Темір атты ұрпағы көтерілгені белгілі. Алайда, шындығында, Моңғолия аумағында Хасардың ұрпақтарына немқұрайлы қарады, оларды тең құқылы ханзада деп мойындамаған.
Ұрпақтары Қалмақ және ойраттар арасындағы бөржігіндер мен қият бөржігіндер Хабуту-Хасардан тарайды. Асыл текті рулар жайлы баяндайтын «Дербен-ойраттар жайлы аңызда» хошут ханзадаларының және олардың қазіргі ұрпақтарының Шыңғыс ханның інісі Хабуту-Хасардан тарайтынын көрсетеді.
Хабуту-Хасардың ұрпағы Хошут тайшы Хан-Нойон Хонгор, атақты «бес жолбарыстың» әкесі: Байбағаса батур, Күндүлен убуши, Гуши хан, Засакту-Чың-Батур және Буян Хатун БатурХан-Нойон Хонгор Бөржігін — Шежіре.
Мәдениетте Хасар И. Калашниковтың «Қатыгез дәуір» (1978) романындағы кейіпкер болды.
Дереккөздер
Санат:Моңғол империясы тұлғалары Санат:1210 жж. қайтыс болғандар Санат:1160 жж. туғандар Санат:Шыңғыс хан