Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстандағы қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, жануарлар дүниесін қорғау, орман шаруашылығы, «жасыл экономика» және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар сияқты салаларға жауапты министрлік.
Тарихы 1990 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет таратылып, Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР 1992 жылы ақпанда ол Орман шаруашылығы министрлігімен бірігіп, Экология және биоресурстар министрлігі құрылды.
Тұңғыш рет Экология және табиғи ресурстар министрлігі деп аталатын ведомство 1997 жылы Экология және биоресурстар министрлігі мен Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі негізінде құрылды. Оның жалғыз министрі Серікбек Дәукеев болды да, министрлік 1999 жылы таратылды, оның ізбасар мекемесі Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі болды.
Президенттің 2019 жылғы 17 маусымдағы №17 Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылып, оған: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласындағы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Үкіметтің 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен министрліктің құрамына 4 ведомство берілді: Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Су ресурстары комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Геология комитеті болып өзгертілді).
Үкіметтің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 қаулысымен министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен бөлініп, Балық шаруашылығы комитеті құрылды.
Президенттің 2023 жылғы 2 қаңтардағы №80 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.
Үкіметтің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысымен Президент жарлығына орай министрлік комитеттері қайта аталып, Геология комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Тоқаевтың жарлығымен үкімет құрамында бес жаңа министрлік құрылды. Сол жарлық бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігі бөлініп шықты, жаңа құрылған министрлікке су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, канализация саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.
Міндеттері Министрліктің ресми сайтында оның міндеттері қатарында қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру көрсетілген.
Құрылымы Министрліктің 2 комитеті бар. Олар: Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.
Қарамағындағы мекемелер «Жасыл даму» АҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ «Қазгидромет» ШЖҚ РМК «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК «Climate Action Company Limited» жеке компаниясы
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыҚазақ КСР Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті (1990–1992)199pxАнатолий Дубицкий28 маусым19911992белгісізТерещенкоЭкология және биоресурстар министрлігі (1992–1997)199pxСвятослав Медведев19921995белгісізТерещенкоҚажыгелдин299pxНиколай Баевқазан1995қазан1997белгісізҚажыгелдинЭкология және табиғи ресурстар министрлігі (1997–1999)199pxСерікбек Дәукеевқазан1997қаңтар1999белгісізБалғымбаевТабиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (1999–2002)199pxСерікбек Дәукеевқаңтар199922 желтоқсан2000белгісізТоқаев299pxАндар Шоқпытов22 желтоқсан2000тамыз2002ПартиясызТоқаевТасмағамбетовҚоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002–2013)199pxАйткүл Самақоватамыз2002қаңтар2006белгісізТасмағамбетовДаниал Ахметов299pxКамалтин Мұхамеджанов19 қаңтар200628 наурыз2006белгісізДаниал Ахметов399pxНұрлан Ысқақов3 сәуір20064 наурыз2009белгісізДаниал АхметовМәсімов I499pxНұрғали Әшім4 наурыз200914 қаңтар2012белгісізМәсімов I599pxНұрлан Қаппаров20 қаңтар201211 қараша2013белгісізМәсімов IСерік АхметовҚоршаған орта және су ресурстары министрлігі (2013–2014)199pxНұрлан Қаппаров11 қараша20136 сәуір2014белгісізСерік АхметовМәсімов IIЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (2019–2023)199pxМағзұм Мырзағалиев17 маусым20199 қыркүйек2021белгісізМамин I299pxСерікқали Брекешев10 қыркүйек20214 қаңтар2023ПартиясызМамин IМамин IIСмайылов IЭкология және табиғи ресурстар министрлігі (2023 бері)199pxЗүлфия Сүлейменова4 қаңтар20231 қыркүйек2023АманатСмайылов IСмайылов II299pxЕрлан Нысанбаев5 қыркүйек202328 тамыз2026АманатСмайылов IIБектенов I399pxӘлібек Қуантыров3 қыркүйек2026—белгісізБектенов II
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Э Санат:Экология министрліктері