нобай|225x225 нүкте|Боторритадан келген қорғасын таблеткасы, кельтибер тілінде жазылған Кельтибериялықтар (, ) — Римге дейінгі кезеңдегі Испания мен Португалиядағы орталық және солтүстіктегі тайпалар тобы. Кельтибериялықтар атауы олардың мәдениетінде кельт және ибериялық элементтердің бар екенін көрсетеді. Кельтибериялықтар кельттер мен ибериялықтар аралас болды ма, әлде олар осы екі топтың бірі екіншісінен маңызды мәдени әсерге ие болды ма, белгісіз. Олардың тәуелсіз тарихы қаншаға созылғаны да белгісіз.
Кең таралған қателік — «кельтибериялықтар» терминін испан-кельт тілдерінде сөйлеген Рим дәуіріне дейінгі Пиреней түбегінің барлық халықтарына тарату.Әсіресе орыс тілді әдебиетте: мысалы қараңыз. Королёв А. А. Кельтиберский язык // Языки мира. Германские языки. Кельтские языки. М.: Academia, 2000. Стр. 449—452. Бұл қателік тек кельтибериялықтардың Пиреней түбегінің салыстырмалы түрде аз бөлігін алып жатқанымен, жазба ескерткіштерді қалдырғандығына байланысты.
Ежелгі авторлар кельтиберліктерді соғысқұмар халық деп сипаттаған. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда кельтибериялықтарды римдіктер жаулап алды. Кельтибериялық мұра Испанияның Галисия провинциясында кездеседі. Кельтибериялық тілінің жазба ескерткіштері сақталған.
Тарих Б. з. д. 218 ж.: көптеген кельтибериялықтар мен оңтүстік Галлиялар Ганнибалдың Италияның солтүстігіндегі жорығына қатысады Б. з. д. 197 ж. — б. з. д. 179 ж.: кельтибериялық соғыстарының басталуы. Римдіктерге қарсы бірінші соғыс Б. з. д. 154 ж. — б. з. д. 133 ж.: римдіктерге қарсы екінші соғыс (бірінші Нумантин соғысы немесе екінші кельтибериялық соғысы) Б. з. д. 133 ж.: Римдіктер келтибериялық Нуманция қаласын қиратып, содан кейін ұзақ бейбітшілік кезеңі болды.
Тағы қараңыз Ежелгі Испанияның халықтары мен тайпалары Серториан соғысы
Дереккөздер
Әдебиеттер Циркин Ю. Б. Ежелгі Испанияның тарихы. — СПб.: Филологический факультет СПбГУ; Нестор-История, 2011. — 432 с. — (Тарихи кітапхана). — 500 экз. — ISBN 978-5-8465-1009-8.
Сілтемелер Диодор Сицилиялықтың кельтиберліктердің сипаттамасы (Тарихи кітапхана, V, 33). «Ежелгі Рим тарихы» веб-сайтындағы жарияланым
Санат:Испания тарихы