WikiOromgoh немесе УикиЛагерь – Өзбекстанның Жастар ісі жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «WikiStipendiya» марафоны аясында Ташкент облысының Бостандық ауданындағы лагерьде бір апта бойы ұйымдастырылған шара.

Хабарландыру 2022 жылдың 19 шілдесінде Өзбекстан Жастар ісі жөнінідегі агенттігінің директоры Алишер Садуллаев Telegram әлеуметтік желісіндегі өз арнасында «WikiStipendiya» марафоны аясында өтетін Wikioromgoh жобасы туралы хабарлайды және келесідей хабарлама қалдырады:

Ұйымдастырушылар Бұл жобаны жүзеге асыруда Өзбекстанның Жастар ісі жөніндегі агенттігі негізгі ұйымдастырушы болды. Оған сонымен қатар AOKA, ЖСҰ және Өзбек тілінде сөйлейтін уикимедиашылар қатысушылар тобы көмектесті. нобай|Агенттіктегі кездесу. 2022 жыл 1 тамыз

Лагерь туралы Жастар лагері Ташкент қаласынан 110 км жерде Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан.https://myday.uz/uz/sport/relax/kamolot-yoshlari-bolalar-soglomlashtirish-lage https://www.facebook.com/Chimyon.Yoshlar.Oromgohi/https://www.facebook.com/Chimyon.Yoshlar.Oromgohi/ Лагерь тау беткейінде орналасқан, аумағы 10 гектардан асады. Лагерьде 10-нан астам жатын бөлмелері, асхана, жазғы бассейн, амфитеатр, баскетбол, футбол алаңдары, спорт залдары бар.

Оқиғалар

Біліктілік сабақтары Өзбек Уикипедиясының админстраторлары Нодир Атаев, Мирзоулуғбек Каримов, Азиз Шарипов, Жамшид Нурқулов, Умар Рахимов, Николай Артёмов топтарға бөлініп, Уикипедияның жаңа қатысушыларына шеберлік сабақтарын өткізді.

УикиҚонақ Осы жоба аясында лагерьге белгілі өнер қайраткерлері, блогерлер, бизнесмендер келіп, лагерь қатысушыларымен кездесулер өткізді. Олар келесідей: Улығбек Исматов — Жобаларды басқару орталығының басшысы; Саида Рашидова – жазушы, өзбек тіл мектебінің негізін қалаушы; Шухрат Дарья – әнші, «Нихол» сыйлығының иегері; Ирода Каримова – «Puma» компаниясының қызметкері (Zoom арқылы); Шахноза Соатова – блогер, Әділет министрінің мемлекеттік тіл және руханият мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

Нәтижелер Бұл жоба аясында Өзбекстанның әртүрлі аймақтарынан 150 қатысушы лагерьге қатысты. Олар 2 тамыз сағат 00:00-ден 6 тамыз 18:00-ге дейін Өзбекше Уикипедияға барлығы 8726 жаңа мақала қосты. Оның 7509-ын, яғни 87,3 пайызын лагерь қатысушылары жазып, Өзбекше Уикипедия грузин және норвег тілдерін басып озып, барлық тілдегі Уикипедиялар арасында 57-орыннан 55-орынға көтерілді.

Жабылу салтанаты Жабылу салтанатының соңғы бөлігінде марапаттау рәсімі өтті. Әр топтан ең көп мақала жазған қатысушыларға сыйлық ретінде ноутбук берілді.

Марапаттау Жабылу салтанатының соңғы бөлігінде марапаттау рәсімі өтті. Әр топтан ең көп мақала жазған қатысушыларға сыйлық ретінде ноутбук берілді.

Тағыда қараңыз Өзбекше Уикипедия WikiStipendiya

Дереккөздер

Санат:WikiStipendiya марафоны