Сарай әміршісі () Ли Сан, Ханзада деген атпен белгілі — 2007 жылы шыққан Оңтүстік Кореялық тарихи драма, басты рөлдерде Ли Сон Джин мен Хан Джи Мин. Ол MBC арнасында 2007 жылдың 17 қыркүйегінен 2008 жылдың 16 маусымына дейін дүйсенбі және сейсенбі күндері сағат 21:55-те көрсетілді. Сериал режиссері Ли Бён Хун болды, ол көп марапаттарға ие болған «Тэ Чан Гым» телехикаясын және «Тәуіп Хо Жун», «Дон И» телехикаяларын жасаған.
Ли Сон Джин мен Хан Джи Мин MBC Drama Awards марапатында өнерлері үшін алғысқа ие болды.
Синопсис «Сарай әміршісі» сериалы Корея патшасы Чонджо (Чосон әулетінің 22-билеушісі) өмірін баяндайды. Чонджо – сарайда өскеніне қарамастан, қарапайым халыққа жанашыр болған патша.
Оқиға оның бала кезінен басталады. Сол кезде ол сарайда жұмыс істейтін екі баламен достасады, бірақ олар кейін сарайдан қуылады. Атасы Ёнджо Санның әкесі — тақ мұрагері Садо ханзада бүлік жасайды деп қорқып, оны күріш сандығына қамап қояды (тамақ пен сусыз). Сан әкесін құтқарғысы келіп, достары Сон Сон Ён мен Пак Тэ Су көмегімен атасынан оны кешіруді сұрайды.
Кейін оқиға оның есейген шағына ауысады. Ол бұрынғы достарымен қайта кездеседі, бірақ сарай ішіндегі интригалар оның тақ мұрагері ретіндегі орнын үнемі қауіпке тігеді. Сан бала күнгі досы Сон Сон Ёнға ғашық болады. Оның әкесі сарай суретшісі болған, бірақ ерте қайтыс болған. Оқиға ары қарай Санның билікке келуін, патша болуын және Норон тобы тарапынан болатын сарай ішіндегі қастандықтармен күресін көрсетеді.
Сериал кей жерлерде тарихи деректерден ауытқыса да, Чосон дәуіріндегі сарай өмірін шынайы көрсетуге тырысқан.
Рөлдерде
Негізгі
И Сан / Чонджо ван (Ли Сон Джин мен Пак Джибин ойнаған) : Сериалдағы басты кейіпкер. Ол мұрагер ханзада Садо мен Хегён ханымның жалғыз ұлы. Өте мейірімді және жомарт. Пак Джи-бин — жас Сан: Сериалдың басты кейіпкері. Ол — мұрагер ханзада Садо мен Хегён ханымның жалғыз ұлы. Хан Джи-мин — Сон Сон-ён / Ыйбин Сон Ли Хан-на — жас Сон-ён Чонджо патшаның сүйіктісі. Ол сарай суретшісінің қызы, сондықтан өнерге ерекше қызығушылығы бар. Ли Чон-су — Пак Тэ-су Квон Чон-мин — жас Тэ-су: Чонджо патшаның ең сенімді әскери қызметкері. Кён Ми-ри — Хегён ханым: Чонджоның анасы. Пак Ын-хе — Хёуи ханшайым: Чонджо патшаның негізгі жұбайы, Чхонпун Ким әулетінен шыққан. Ли Сун-джэ — Чосон патшасы Ёнджо: Чонджоның атасы. Сан таққа отырғанға дейін Чосонның 21-патшасы болған. Ким Ё-джин — Чонсун ханшайым: Ёнджо патшаның екінші жұбайы. Сон Хён-а — Хваван ханшайым: Ёнджоның сүйікті қызы. Чо Ён-у — Чон Ху-гём: Хваван ханшайымның асырап алған ұлы. Хан Сан-джин — Хон Гук-ён: Чонджо патшаның ең сенімді адамы, әрі анасы Хегён ханымның алыс туысы. Сон Чхан-ый — Чон Як-ён: Конфуций академиясының ғалымы және «Намин» фракциясының мүшесі. Ли Ип-сэ — Ян Чо-би: Сурет басқармасындағы дамо (әйел қызметкер). Пак Ён-джи — Ким Гви-джу: Чонсун ханшайымның ағасы және «Норон» фракциясының мүшесі. Мэн Сан-хун — Нам Си-чо: Санның бас әтегі. Хан Ин-су — Чхэ Дже-гон: Санның әкімшілік көмекшісі және сот министрі. Джи Сан-рёль — И Чхон / Ли Чун: Сурет басқармасындағы сарай суретшісі. Ю Мин-хёк — Так Джи-су: Сурет басқармасындағы тағы бір сарай суретшісі. Ча Дже-доль — Мұнхё мұрагер ханзада: Чонджо патша мен Ыйбин Сонның сәби ұлы, төрт жасында қайтыс болған.
Қосалқы рөлдер Басқа кейіпкерлер (ойдан шығарылған) Ю Чон-сук — Сон Сон-ук: Сон-ённың інісі Чон Хо-гын — Мин Джу-шик Сон Иль-квон — О Чон-хо Кён Ин-сон — Мак-сон Ли Чон-ён — Син-гом Пэк Мин — Ый-и Хван Иль-чун Мэн Бон-хак Чо Дже-юн — Как Чон-и Ли Чон-сон Қонақ рөлдер (Special appearance)
Ли Чхан-хун — мұрагер ханзада Садо: Чонджоның әкесі және Ёнджоның ұлы Хван Гым-хи (Ji Sung-won атымен көрсетілген) — Вонбин Хон Кан Сан — Ынчжон ханзада Чхве Чон-у — Садоның евнухы Ю Дже-сок Пак Мён-су Чон Джун-ха Чон Хён-дон Но Хон-чхоль Им Хён-сик
Марапаттар мен номинациялар
ЖылыМарапатСанатИегеріНәтижеДереккөз20072007 MBC Drama Awards Үздік актер (жоғары деңгей) Ли Со Джин Жеңді Үздік актриса (жоғары деңгей) Хан Джи Мин Жеңді Үздік жас актер Пак Джи Бин Жеңді Үздік сценарист Ким И Яң Жеңді Көрермендер таңдауы бойынша жылдың ең үздік драмасы Lee San, Wind of the Palace Номинация Танымалдық жүлдесі, актер Ли Со Джин Номинация Танымалдық жүлдесі, актриса Хан Джи Мин Номинация Үздік жұп жүлдесі Ли Со Джин және Хан Джи Мин Номинация 20082008 Baeksang Arts Awards Үздік режиссер (ТВ) Ли Бёң Хун Жеңді Үздік актер (ТВ) Ли Бёң Хун Номинация Үздік жаңа актер (ТВ) Хан Саң Джин Номинация
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік Корея телесериалдары