A-27 — ұзындығы 865 километр болатын Қазақстан аумағындағы автомобиль жолы. E40 Еуропалық маршруты мен AH70 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Ақтөбе қаласын Атырау қаласы арқылы Ресей Федерациясындағы Астрахан қаласымен байланыстырады.
Маршруты + A-27 жолының маршруты Ақтөбе → Қандыағаш → Шұбарқұдық → Сағыз → Доссор → Атырау → Аққыстау → Құрманғазы → РФ шекарасы
Сипаттамасы A-27 трассасы Ақтөбе қаласынан басталып, Алға, Қандыағаш, Атырау қалаларының үстімен өтіп, Бөкейхан (Котяевка) ауылының тұсындағы Қазақстан-Ресей шекарасында аяқталады. 2007 жылы Қиғаш өзенінің үстінен салынған көпірмен қатар ашылған «Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті арқылы Астрахан қаласына қатынауға болады. Атырау қаласының тұсында A-28 трассасы және Доссор кентінің тұсында A-33 трассасы басталады.
Қайта жаңғырту жұмыстары 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» учаскесінің бүгінгі күні 252 шақырымы пайдалануға берілді. 2018 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталған жол 2024 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.Атырау облысында 240 шақырымнан астам жол төселді Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстары 2021 жылы басталған. Бүгінде Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолының 11-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбеден Қандыағашқа дейінгі (77,5 км) учаскесі толық төрт жолақты, І-б техникалық санатында болса, Қандыағаш айналма жолы (18,2 км) 2 жолақты ІІ-техникалық санатқа сәйкес болады. Толық пайдалануға беру мерзімі — 2024 жыл.Биыл Ақтөбе-Қандыағаш және оңтүстік айналма жолы пайдалануға беріледі «Қандыағаш – Мақат» (160-504 км) жолының жалпы ұзындығы 299 шақырымы жөнделді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жолдары