Карпентария шығанағы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том – Австралияның солтүстік жағалауындағы Арафур теңізінің шығанағы. Кейп-Йорк және Арнемленд түбектері аралығында жатыр. Аумағы 328 мың км², Ұзындығы 600 км., ең терең жері 71 метр. Шығанақта Уэлсли және Грут-Айленд аралдары орналасқан. Карпентария шығанағы жағалауға сұғына енген. Кейп-Йорк, Арнемленд түбектерінің шеттері біртіндеп төмендеп, Карпентария шығанағының аккумуляттік ойпатына ұласады. Суы жарты тәулікте бір көтеріліп (3,2 м-ге дейін) қайтады. Жағалауларына қатты ағысты көтерілу-қайту толқындары тән. Беткі суының айлық орташа температурасы қыс айларында 23 – 25С, жазда 29С. Тұздылығы 34,8‰. Жағалауларға жақын өңірде кен байлықтары көптеп кездеседі (марганец, алюминий, тағы басқа). Жағалауда тоғайлар өседі.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша шығанақтар Санат:Аустралия географиясы Санат:Үнді мұхиты шығанақтары