Украина Верховна Радасының төрағасы (, сөзбе-сөз аударғанда Украина Жоғарғы Кеңесінің төрағасы) — Верховна Рада деп аталатын Украина парламентінің спикері.

Тарихы Төраға лауазымы 1937 жылғы 30 қаңтарда қабылданған Украин Кеңестік Социалистік Республикасының жаңа Конституциясымен бірге бекітілді. Украин КСР Жоғарғы Кеңесін басқарғандығынан лауазым Украин КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы деп аталатын. Бұдан бұрын Украинадағы заң шығарушы органы Бүкілукраиналық орталық атқарушы комитет болды және оның спикері төрағасы () деп аталатын.

1991 жылы КСРО ыдырауы орын алды және нәтижесінде Украина өз тәуелсіздігіне қол жеткізді, сол себептен Украин КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы лауазымы Верховна Рада төрағасы болып өзгертілді.

Міндеттері және өкілеттіктері Украина Конституциясының 88-бабына сәйкес Верховна рада төрағасы: парламент кездесулеріне төрағалық етуге; парламент қызметін ұйымдастыруға; Верховна рада бекіткен актілерге қолын қоюға, промульгация жасауға; Украинаның, я өзге де елдің билік органдарымен бірге болғанда Парламенттің өкілі болуға; парламент қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға құқылы.

Оған қоса төраға парламенттің арнайы сессияларын шақырта алады, президент вето қойған заң жобаларын Верховна рада ветоны еңсеруге үштен екі көпшілік дауыспен дауыс бергенде ғана енгізеді және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырыстарына қатыса алады.

Төраға мен оның екі орынбасары фракцияларды басқара алмайды.

Мемлекет басшысы Украина президентінің қызметке жарамсыздығы кезінде оның міндетін атқарушысы Верховна рада төрағасы болады, жаңа сайлаудың ұйымдастыруына дейін ол шектелген құқыққа ие болып, мемлекет басшысы болады. Уақытша президент болған парламент спикеріне: парламентті ыдыратуға; үкімет лауазымдарына үміткерлер ұсынуға; әскери шен, мемлекеттік ордендерді наградтауға; кешірім жасау құқығын қолдануға тыйым салынған.

Бұрынғы төрағалардың артықшылықтары Верховна раданың бұрынғы төрағаларына бірнеше артықшылық беріледі. Қызметін аяқтаған парламенттің бұрынғы спикерлеріне Парламент ғимаратында кеңсе, ресми үкіметтік көлік және мемлекет қаржыландыратын кеңесші беріледі.

Төрағалар тізімі

Дереккөздер

Санат:Верховна Рада Санат:Украина саясаты Украина, Верховна рада