Лени Рифеншталь (, туған кездегі есімі — Хелена Берта Амалия Рифеншталь ; 22 тамыз, 1902, Берлин, Германия — 8 қыркүйек, 2003, Пёккинг, Бавария, Германия) — нацистік үгіт-насихат таратумен танымал неміс кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер, актриса және фотограф. ХХ ғасыр кинематографтағы ең танымал, сондай-ақ ең даулы тұлғалардың бірі. Оның режиссерлік мансабының өрлеуі Германиядағы Ұлтшылдық-социализмнің үстемдігі кезеңінде болды. Рифенштальдың «Ерік салтанаты» (1935) және «Олимпия» (1938) фильмдері ұлттық социализмнің бейнесін қалыптастырып, оның Үшінші рейхті белсенді насихаттаушы ретіндегі беделін қалыптастырды. 1945 жылдан кейін ол өзінің моральдық кінәсін мойындамады.
Фильмография Жыл Қазақша аты Түпкі аты 1932 Көк жарық Das blaue Licht 1933 Сенім жеңісі Der Sieg des Glaubens 1935 Ерік салтанаты Triumph des Willens 1935 Бостандық күні! - Біздің вермахт! Tag der Freiheit! — Unsere Wehrmacht! 1938 Олимпия Olympia 1954 Ойпат Tiefland 2002 Су астындағы әсерлер Impressionen unter Wasser
Дереккөздер