Йемендегі әуе шабуылдары 2024 — «Өркендеу күзетшісі операция» кезіндегі шайқас. Таңертең 2024 жылы 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания, Аустралия, Бахрейн, Канада, Жаңа Зеландия, Нидерланды және Оңтүстік Корея қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Қызыл теңіздегі хуситтердің агрессиясын айыптағаннан бір күн өткен соң Йемендегі хусит нысандарына бірқатар әуе шабуылдарын бастады.
Хуситтер Хуситтер қозғалысы — Йеменнің солтүстігін бақылайтын, Иран қолдайтын және қаржыландыратын және аймақтық соғыстарда олардың сенімді өкілі ретінде қызмет ететін шиит содырлық ұйымы. Қозғалыстың ұраны: «Америкаға өлім, Израильге өлім, еврейлерге қарғыс, Исламға жеңіс» деп жазылған.
Тарихы Тарихқа шегінер болсақ, 2004 жылы көтерілісте сәтсіздікке ұшырағанымен, хуситтер қаруларын тастамады, үкіметке қарсы партизандық әрекеттерін жалғастырды. Иранның қарулы және қаржылық көмегі оларды тіпті қанаттандырды. Есесіне Тегераннан келген бұйрықтарды орындауға және Иранға тиімді әрекет етуге міндетті болды.
Хуситтер қазір Йеменнің едәуір бөлігін, соның ішінде астанасы Сананы, сондай-ақ негізгі қалалар мен порттарды бақылайды. Иранмен серіктескен соң олар зымырандар мен дрондардың, соның ішінде 2000 шақырымға ұшуға қабілетті баллистикалық құрылғылардың негізгі арсеналын құрып алды.
Барысы Қаңтар 2023 жылдың желтоқсанында кеме қатынасын хуситтерден қорғауға арналған Коалиция құрылды. Ол «Operation Prosperity Guardian» операциясы деп аталды. Коалицияға 22 ел кіреді, бірақ Қызыл теңіздегі басты күшке екі держава АҚШ пен Ұлыбритания ие. АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігінде билік ететін хуситтер қозғалысының нысандарына қарсы әскери операция бастады.
Хуситтер 35-тен астам елдің 10 сауда кемесін нысанаға алып, ұшқышсыз ұшу жүйелері мен баллистикалық зымырандармен 100-ден астам соққы жасады», деп мәлімдеді АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин.
АҚШ президенті Джо Байден соққыларға бұйрық бергенін айтты. Бұл әрекеттер Израиль мен Хамас арасындағы соғысқа жауап ретінде Қызыл теңіздегі кемелерге хуситтердің шабуылдарына жауап болды. Хуситтерге қарсы зымыран соққылары ұшақтардан, жер үсті кемелерінен және суасты қайықтарынан, соның ішінде "Томагавк" қанатты зымырандары қолданылған.
Жарылыстар Сана, Ходейда және Дхамаруда қалаларында болды. Нысаналар логистикалық орталықтар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен қару қоймалары болды. Хусилер басқаратын жаңалықтар арнасының хабарлауынша, нысанаға Ходейда халықаралық әуежайы, Таиз халықаралық әуежайы және Сананың солтүстігіндегі әл-Дайлами әуебазасы кірген. Ақ үй басшысы хуситтердің 27 шабуылынан 50-ден аса елдің коммерциялық кемелері зардап шеккенін және 9 қаңтарда қозғалыс америкалық әскери кемелерге қарсы ең үлкен шабуыл жасағанын хабарлады.
Ақпан 3-ақпанда одақтас Аустралия, Бахрейн, Канада, Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия елдерінің қолдауымен Йемендегі 13 жерде хуситтердің 36 нысанасына соққы жасалды. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы күштері хуситтердің Йемендегі 36 нысанына тағы әуе соққысын жасады. Бұл туралы олар бірлескен мәлімдемесінде жариялады. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин хуситтер Қызыл теңізде кемелерге шабуылдарын доғармаса, салдары ауыр болатынын ескертті.
Дереккөздер
Санат:Азамат соғыстары Санат:2024 жылғы қақтығыстар Санат:2024 жылдағы Йемен