«Қорқыт» – түркі әлеміне ортақ тарихи кейіпкер Қорқыттың өміріне арналған биографиялық драма. Телехикая төрт бөлімнен тұрады. Телехикаяны 2023 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген. 2023 жылдың 16-17 желтоқсаны аралығында, әр күні екі бөлімнен «Qazaqstan» телеарнасы эфирінен өтті. Телехикаяда аңыз тұлға – Қорқыттың дүниеге келуінен бастап, сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі.
Түсірілім кезеңі Төрт бөлімді тарихи драманы «Қазақстан» телерадиокорорпорациясы Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен бірлесе түсірді. Телехикаяның түсірілім жұмысы Алматы облысы мен Өзбекстанның Хиуа қаласында өтті. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр» желісі негізінде түсірілген. Түсірілім Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өтті. I-бөлім Телехикая басынан аяғына дейін өзеннің жағасында қобыз тартып отырған қарт Қорқыттың жырымен баяндалады. Хикаяның әлқисасы Қарабақсы мекен еткен шағын елді мекеннің маңындағы, сарқырай аққан өзеннің жанында болашақ жары Торқалыны кездестірумен басталады. Әлі дүниеге келмеген Қорқыттан қорыққан Тоймадықтың шабуылы, Қорқыт дүниеге келгендегі таңғажайып құбылыс суреттеледі. Қорқыттың шешесі баланы дүниеге әкелген кезінде қайтыс болғандықтан, әкесі жалғыз тәрбиелейді.
II-бөлім Қорқыт әкесі сияқты бақсы болғысы келмей, бойындағы бақсылықты мойындамай өседі. Ол жастайынан өзін аса тапқыр және дана бала ретінде көрсете білді. Ол тайпалар арасындағы тұрмыстық мәселелер мен жанжалдарды шешуге көмектескен. Көптеген мәселелердің шешімі Қорқытқа түсі-өңі аралас аян түрінде келеді. Қорқыт өз түстерін жақсылықтың нышаны деп түсінді.
III-бөлім Әкесі мен қарындасының өлімінен кейін жас Қорқыт Желмаясына мініп, алыс сапарға аттанады. Қорқыт жолында көптеген кедергілерге төтеп бере отырып, жауын жермен жексен етіп, сонау Батысқа жол тартады. Кей деректе ол қыпшақ (қазақ пен қарақалпақ) және оңтүстік оғыз (түрікмен, әзербайжан және түрік) жерлерін аралаған делінген. Телехикаяда Қорқыттың осы саяхаттары көрсетіледі.
IV-бөлім Қорқыт өзінің туған мекеніне, Сырдарияның жағасына қайтуды шешкенде оның сақалы мен шашын ақ шалған еді. Оны білетін адамдар әлдеқашан дүние салған. Арада көп жыл өткені соншалықты, туған мекенінде Қорқыттың өзі аңызға айналған. Елге оралған Қорқыттың сол кездегі екі рудың соғысын болдырмаудағы орасан еңбегі мен тапқырлығы айрықша көрсетіледі. Телехикаяның соңында қобыздың шығу тарихы бейнеленеді. Телехикая Қорқыт Сырдарияның бетінде, астына жайған Желмаяның жабуының үстінде қобызын тартып отырған көрініспен аяқталады. Қорқыт қобыз тартып отырғанда оған ажал жуымайды. Сол кезде ол тек өнер арқылы аты өлмейтінін түсінеді.
Баспасөздегі пікірлер
Саундтрек «Қорқыт» тарихи телехикаясының саундтрегіне бейнебаян түсірілді. Тарихи туындының композициясы «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің авторлығымен жарыққа шықты. Сонымен қатар, әнші Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Қорқыт-қобыз» әні фильмнің саундтрегі ретінде алынды.
Трейлер «Қорқыт» телехикаясының трейлері «Qazaqstan» телеарнасының эфирінде 2023-жылдың 11-желтоқсанынан бастап жүрді. Трейлер Qazaqstan TV Youtube арнасында 12-желтоқсанда жарияланды.
Шығармашылық топ АктёрРөліДастан Тұрдалы10 жасар ҚорқытДінислам Нұрмағамбет 15 жасар ҚорқытӘділ Ахметов 35 жасар ҚорқытАйдос Бектемір80 жасар ҚорқытЕркебұлан Дайыров Тоймадық Зарина Кәрмен Тоймадықтың әйеліБаян Әлімақан бақсыМақсат Рахмет ТалпақМедғат Өмірәлі қара бақсыИндира Сабирова ТорқалыДосжан Жанботаевқарт жырауЕрден Жақсыбеков ТазшаМақсат Сабитов ЖағалШерхан Пірназар ЖарташықРуслан Абеков ШегенАлмат Құрақ ШектіліЖандарбек Садырбаев ҚазанбекӘлия Көшекбаева Бөрілі сұлуІлияс Суханов ОразАяна Әзілхан АқтамақМирас Иса елшіГүлжамал Қазақбаева кемпір
Шетелдегі трансляциялар «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қорқыт» биографиялық драмасы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің телеарналарынан көрсетілді. Телехикая Өзбекстанның «Madaniyat va Ma'rifat», Әзірбайжанның «CBC TV», «Az TV», Қырғызстанның «КТРК» және Түркияның «TRT» телеарналары арқылы түркі мемлекеттерінің аудиториясына ұсынылды. Телехикая аталған елдерде түрік, қырғыз, әзірбайжан, орыс тіліндегі дубляжбен көрсетілді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан телесериалдары Санат:Қорқыт күйлері Санат:Хабар телеарнасының телехикаялары