Николай Михайлович Харитонов (; 30 қазан 1948 жыл, Жаңасібір облысы) — ресейлік саясаткер, 1994 жылдан бері Мемлекеттік думаның депутаты және 2011 жылдан бері оның Қиыр Шығыс пен Арктиканы дамыту бойынша комитетінің төрағасы.

Бұрын Аграрлық партияның мүшесі болып, кейін партияның Біртұтас Ресеймен жұмыс істегеніне наразылық көрсетіп, Коммунистік партияның құрамына кірген Харитонов 2004 жылғы және 2024 жылғы президенттік сайлауларға қатысып, 2-орынға жайғасқаны үшін белгілі.

2004 жылғы сайлау

нобай|солға|130px|Харитонов, 2000 жыл Ресей Коммунистік партиясы Харитоновты 2004 жылы президентікке үміткер ретінде ұсынған еді.

Сол кезде кейбір бақылаушылар оны қоғамға белгісіз және харизмасы жоқ, әлсіз кандидат деп санады. Ресейліктер оның кандидатурасына немқұрайлы қарады, не ол жайлы мүлдем бейхабар болды. Оның сайлауалды слоганы «Туған жер мен халық қалауы үшін» болды және ол ленинизм идеологиясын жиі мақтап жатты. Харитонов оған қоса 1991 жылы алынған кеңестік саясаткер Феликс Дзержинскийдің ескерткішін қайта орнатуды ұсынған.

Харитоновты партия жетекшісі Геннадий Зюганов қызу қолдады. Харитоновтың көптеген жарнамаларында Зюгановтың сөйлегені көрсетілген. Зюганов бастапқыда партияның сайлаудың «демократиялық емес сипаты» деп санайтынына наразылық білдіру үшін сайлауға қатысудан бас тартуды қалағанымен, партияда болған келіспеушіліктен кейін Харитоновты қолдады.

Путиннің лагері Харитоновтың кандидатурасы сайлаушылардың қатысуын арттыруға және Сергей Глазьевтің дауыс үлесін әлсіретуге көмектесу арқылы олардың ісіне пайда әкелді деп есептеді. Алдыңғы 2003 жылғы парламент сайлауы кезінде Коммунистік партия қызу оппозициялық жарнамалардың қоршауында болды. Алайда Путиннің сайлауалды науқаны оған платформа бермеуге тырысқандықтан, Харитонов осындай оппозициялық жарнамаларға қол жеткізе алмады. Үгіт науқаны кезінде Харитонов Путин сияқты сөйлеген сөздерін тікелей эфирде көрсетпесе, жарыстан шығамын деп қорқытты. Оның шағымдарынан кейін РТР телеарнасы 2004 жылғы 4 наурызда Харитоновтың Туладағы жақтастарына айтқан сөзін тікелей эфирде көрсетуге келісті.

Сайлау нәтижесінде Харитонов жалпы дауыстың тек 13 % жинап, екінші орын алып, жеңіліп қалды.

2024 жылғы сайлау нобай|солға|180px|Харитоновтың сайлауалды үгіті бар билборд, Қазан, 23 ақпан 2024

Харитонов 2024 жылы өтетін Ресей президенті сайлауында Путинді реваншқа шақыратынын мәлімдеді. Путиннің көптеген ішкі саясат жайлы шешімдеріне қарсы болғанымен, ол Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы емес, сондықтан Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының санкциялар тізіміне енгізілген.

Ұсынылғаннан кейін көп ұзамай Харитонов сайлау науқаны кезінде қазіргі президент және ықтимал кандидат Владимир Путинді сынамайтынын мәлімдеді.

Сайлаудың ресми нәтижелері бойынша ол 3 768 470 дауыс жинап (4,31 %), соңғы, төртінші орынға жайғасты.

Жеке өмірі Харитонов аңшылықпен және спортпен айналысады (1994 жылы ол Дума футбол командасы ұйымдастырушыларының бірі болды). 1972 жылдан бері ол Нина Харитоновамен тұрмыста және бұл некеден олардың төрт қызы бар.

Дереккөздер

Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Алфавит бойынша экономистер Санат:Краснодар өлкесі тұлғалары Санат:Ресей ұлттық экономика және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері Санат:Ресей Аграрлық партиясы мүшелері Санат:Ресей Коммунистік партиясы мүшелері Санат:Полковниктер (Ресей Федерациясы) Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы I шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы II шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы III шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы IV шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы V шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы VI шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы VII шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы VIII шақырылымының депутаттары Санат:Ресей президенттігіне үміткерлер (2004) Санат:Ресей президенттігіне үміткерлер (2024) Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері