Әл-Сәләм мешіті немесе Араб мәдени орталығы () — Одесса қаласында орналасқан мешіт және мәдени орталық. Әл-Сәләм мешіті 2001 жылдың маусым айында ашылды.

Тарихы Одесса қаласындағы Ислам дінінің тарихы терең. Одесса қаласы Қажыбей деп аталатын ежелгі татар қонысының орнына салынған. Елді мекенді 1240 жылы Қырым ханы I Қажы Герей құрған және бастапқыда оның атымен Қажыбей деп аталған.

Әйгілі сәулетші Кәрбалай Сәфихан Қарабағы салған татар мешіті қаланың орталығында мұсылман зиратының жанында орналасқан. Кеңес үкіметінің келуімен Одесса мұсылмандарының өмірі күрт өзгерді. Татар молдасы Сабыржан Сафаров атылды; мешіт жабылып, кейін жойылды. Мұсылман зираты да қиратылды.

Әл-Сәләм мешіті сириялық бизнесмен Киван Аднанның қаражатына құрылды. Мешітте жасына, ұлтына және дініне қарамастан барлығына араб тілін үйренуге арналған тегін мектеп пен кітапхана жұмыс істейді.

Галерея

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Әл-Сәләм мешіті Одесса қаласының ресми туристік порталында

Санат:Ислам Украинада Санат:Украина мешіттері