Геннадий Иосифович Удовенко ( 22 маусым 1931 жыл, Кривой Рог, Украина КСР - 12 ақпан 2013 жыл Киев, Украина) — украиндық саясаткер, дипломат, 1994-1998 жылдары Украинаның Сыртқы істер министрі, 1997-1998 жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясының төрағасы.
Отбасы Әкесі Иосиф Петрович (1900-1978) - тау-кен инженері; Анасы Мария Максимовна (1888-1973) – үй шаруасындағы әйел; Жұбайы - Дина Григорьевна; Қызы Елена (1954) Киев-Печерск қорығының ғылыми қызметкері.
Білімі 1954 жылы Удовенко Тарас Шевченко атындағы Киев университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірді. Украинаның экономика және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирантураны аяқтады (1958-59). Геннадий Удовенко поляк, ағылшын және француз тілдерін жетік меңгерген.
Қызметінің бастауы Удовенко еңбек жолын 1952 жылы Украина КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі министрінің хатшысы және коллегия хатшысы болып бастады. 1955-1958 жылдары Киев облысы, Сквиринский ауданы, Домантовка селосында колхоз бастығы болды.
Дипломатиялық мансабы Удовенко дипломатиялық қызметке 1959 жылы Украина КСР Сыртқы істер министрлігінің халықаралық экономикалық ұйымдар департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі болып кірді. 1965–71 жылдары Швейцарияның Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесінде жұмыс істеді. 1971 жылдан 1977 жылға дейін Украина КСР Сыртқы істер министрлігінің кадр бөлімінің бастығы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1977 жылдан 1980 жылға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі кеңсесі, Конференция қызметтері департаментінің бөлімшесінде аударма және кездесулер қызметінің директоры болды.
1980–1985 жж. ол Украина КСР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды және 1985 жылдың қаңтарында Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне тағайындалды.
1985 жылдың ақпанынан 1992 жылдың наурызына дейін Украинаның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі және БҰҰ-ның апартеидке қарсы арнайы комитеті төрағасының орынбасары болды. 1989–1991 жылдары - БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің вице-президенті. Сонымен қатар, 1991–1992 жылдары Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 1992–1994 жылдары Украинаның Польшадағы елшісі болды.
1994-1998 жылдары Украинаның Сыртқы істер министрі және Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мүшесі болды. 1997 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясының Төрағасы болып сайланды.
Саяси қызметі нобай|солға|200px|Г.И.Удовенконың Украинадағы мемориалдық тақтасы 1990 жылдардың ортасында Геннадий Удовенко Украина халықтық қозғалысына (НРУ) партиядан тыс кандидат ретінде осы партияның №3 сайлау тізіміне енгізілді. 1998 жылғы наурыздағы парламенттік сайлауда ол Украинаның Жоғарғы Радасының депутаты болып сайланды.
1999 жылы 25 наурызда НРУ басшысы Вячеслав Чорновил қайтыс болғаннан кейін сол жылдың 31 наурызында Геннадий Удовенко осы партияның төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды. 1999 жылдың 14 мамырынан 2003 жылдың 3 мамырына дейін НРУ басшысы қызметін атқарды.
1999 жылы 31 қазанда Геннадий Удовенко президенттік сайлаудың бірінші турына қатысып, ол 1,22% (319 778 дауыс) жинап, он үш үміткерден жетінші орынды иеленді.
2002 жылғы наурызда өткен парламенттік сайлауда Геннадий Удовенко өзінің НРУ кіретін «Біздің Украина» (НУ) партиялар блогының сайлау тізімінде 3-ші орынға ие болды.
2006 жылы 26 наурызда өткен парламенттік сайлауға №31 «Біздің Украинаның» сайлау тізімі бойынша қатысты. Осылайша, ол үшінші рет Украина Жоғарғы Радасының депутаты болды.
2007 жылдың 24 наурызынан бастап Геннадий Удовенко Украина Сыртқы істер министрлігінің алқа мүшесі болды.
2013 жылы 12 ақпанда 81 жасында Феофания ауруханасының хирургия бөлімінде қайтыс болды.
Марапаттары мен атақтары III дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені, (2007), IV дәр.(2005), V дәр.(1998) II дәрежелі "Қызмет үшін" Ордені (2011 жылғы 22 маусым) Украина Президентінің құрмет белгісі (1995) Ақ крест ордені (Эстония, 2007) Бриджпорт университетінің құрметті докторы (1997, АҚШ) Мюнхендегі Украина еркін университетінің құрметті докторы (1997, Германия)
Дереккөздер
Санат:Украина саясаткерлері Санат:Украина сыртқы істер министрлері Санат:Украина президенттігіне кандидаттар (1999) Санат:БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағалары Санат:Украинаның Польшадағы елшілері Санат:«Рух» партиясының мүшелері Санат:III шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттары Санат:IV шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттары Санат:V шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттары