Барреттік өңеш — өңештің кілегей қабатының көпқабатты жалпақ эпителийінің кейбір ошақты аймақтарда бірқабатты цилиндрлі эпителиге айналуымен, жүре пайда болған созылмалы метапластикалық жағдайы. Барреттік өңеш ГЭРА-мен ауратындардың 10-20% ішектік метаплазиямен жүреді. Барреттік өңеш кезінде жылына 200-400 науқастардың біреуінде аденокарциноманың даму кездеседі.

Этиологиясы және патогенезі Барреттік өңешпен науқастардың арасында еуропалық нәсілдегі ер адамдардың жиі кездесуі, аурудың дамуында генетикалық бейімділік бар екенін дәлелдейді. Асқазан-өңеш рефлюксі кезінде агрессиялық ортаның әсерінен өңештің кілегей қабатының физиологиялық регенерациясының ауытқуы салдарынан, көпқабатты жалпақ эпителийдің, бірқабатты цилиндрлі эпителиге айналуы дамиды.

Клинткалық көрінісі ГЭРА-ң клиникалық көрінісінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, ГЭРА-мен ұзақ уақыт (анамнезінде >5 артық ГЭРА болса) ауырған науқастардың барлығында Барреттік өңешті жоққа шығару қажет.

Диагностика Эндоскопиялық зерттегенде өңештің бозғылт, жылтыр, жұқа беткейлі эпителиіне қарағанда маңайында орналасқан цилиндрлі эпителий өзіне тән қызғылт түсті және барқыт тәрізді болып көрінеді. Диагнозды нақтылау үшін және эпителидің дисплазиясының дәрежесін анықтау үшін өңештің айналасынан 4 нүктеден әрбір 2 см сайын өңеш-асқазан өтпелік аймағынан тісшелі сызыққа дейінгі аймақтарға биопсия (4-квадратты биопсия) жасайды. Дисплазия анықталмаған жағдайда зерттеуді әрбір 2-3 жылда қайталап отырған дұрыс.

Емі Барреттік өңештің емдеу әдістеріне жатады: протонды насостың ингибиторларымен стандартты және екі еселенген дәрілік терапия (өмір бойы жүргізіледі); антирефлюкстік хирургия; эндоскопиялық әдістер (метаплазияға ұшыраған клегей қабаттың мультиполярлы электрокоагуляциясы, фотодинамикалық терапия, лазерлік деструкция, аргонды плазмамен коагуляция жасау, клегей қабатты эндоскопиялық резекциялау). Дисплазия дәрежесі шамалы болған жағдайда 6 айда бір рет биопсиялы ЭГДС жасайды (әрбір 1 см сайын 4 квадратты биопсия). Егерде дисплазия үдемелі дамымаған болса гистологиялық зерттеуді бақылау түрінде жылына бір рет жасайды. Егерде ауыр дәрежедегі дисплазия анықталса биопсиялы ЭГДС (әрбір 1 см сайын 4 квадратты биопсия) 3-6 айда бір рет жасайды және эндоскопиялық немесе хирургиялық емдеу әдісін қолдану туралы шешім жасалуы тиіс.