Артем Викторович Дацишин ( 26 қаңтар 1979 жыл, Херсон, Украина КСР - 17 наурыз, 2022 жыл) — украин балет әртісі және Украина Ұлттық операсының солисі. Халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония елдерінде гастрольдік сапарда болды. Ол 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде ресейлік зымыраннан атқан оқтан қаза тапты.

Өмірбаяны 1979 жылы 26 қаңтарда Херсон қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Киев мемлекеттік хореографиялық училищесін, Киев ұлттық мәдениет және өнер университетін (2004, хореография бөлімі) бітірген. Мектепте оқып жүргенде-ақ ерекше қабілетімен ерекшеленді. Мектеп қабырғасында жүргенде 1996 жылы Серж Лифар атындағы халықаралық байқауға қатысып, үшінші орынға ие болды. Келесі жылы ол Ұлттық опера балет ұжымының мүшесі болды. Бір жылдан кейін ол Рудольф Нуреев атындағы халықаралық байқауда күміс медальді жеңіп алды.

Ұлттық операда Артем «Аққу көлі», «Щелкунчик», «Ұйқыдағы ару», «Жизель», «Баядерка», «Ромео мен Джульетта» балеттерінде басты рөлдерді сомдады. Ол Жапония, Канада, АҚШ, Германия, Австрия, Швейцария, Италия, Испания, Франция, Португалия, Ливан елдерінде гастрольдік сапарда болды. Оның шеберлігі биінің академиялық мәнерлілігімен, мінезді жеткізе білуімен және романтикалық асқақтығымен жоғары бағаланды. Әріптестері оны бүкіл классикалық репертуарды билеген талантты әртіс деп атайды.

Қазасы 26 ақпанда Дацишин орыс әскерлерінің атқысына түсіп, ауыр жараланған. Ол бірнеше аптаны ауруханада өткізіп, 17 наурызда Киевтегі ауруханада 43 жасында қайтыс болды.

Рөлдері Зигфрид, ханзада, Дезире, фея Карабос («Аққу көлі», «Щелкунчик», «Ұйқыдағы ару») Ален («Бос ескерту») Джеймс, Герн, Мадж («Сильфида») Альберт («Жизель») Франц («Коппелия») Эспада, Солор, Люсьен («Дон Кихот», «Ла Баядерка», «Пахита») Жан де Бриен («Раймонда») Парис, Меркуцио, Тибальд (Ромео мен Джульетта) Алтын құл («Шехеразада») Эскамильо («Кармен-сюита») Солло («Сюита в белом») Бозбала («Қасиетті көктем») Аукционшы (««Камелиялы ханым») Қолбасшы («Юлий Цезарь»)

Дереккөздер

Санат:Украина балет артістері