thumb|right|200px Алдан Зейноллаұлы Смайыл (3 қазан 1946, Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) – жазушы, публицист,“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Өмірбаяны ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын 1970 жылы Қазақ радиосынан бастайды. 1975 – 90 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы “Коммунизм нұры” газетінің бөлім меңгерушісі 1990 – 95 жылдары Ақмола облысы “Тіл және мәдениет” қоғамының төрағасы “Қараөткел” газетінің бас редакторы 1995 – 97 жылдары Ақмола облысы телерадио компаниясы төрағасының орынбасары 1997 – 2002 жылдары Қазақстан телерадио корпорациясы Астана студиясының бас директоры 2002 – 2007 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің директоры “Астана жазушыларының кітапханасы” редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Шығармалары Тұңғыш көркем шығармасы “Тамыздың таңы” 1979 жылы жарық көрген. “Ақ жалын” (1982) “Найзақара” (1985) “Сағынтып келген көктем” (1987) “Арқаның Бетпақ деген даласы бар” (2000) повесть, романдарында адам мен қоғам, өмір мен өлім жайлы философиялық ой толғайды. Д. Сэллинджердің “Жар жағалаған жалғыз” романын қазақ тіліне аударған (2005).

Марапаттары Халықаралық “Алаш” (2005) сыйлығының иегері. Қазақстан Журналистер одағының (2002) сыйлығының иегері. “Тамұқтан келген адам” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (2006).“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Саухат Жұмагүл Берденқызы (1949 жылы туған). Ұлы - Смайыл Еркебұлан Алданұлы (1972 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:3 қазанда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Журналисттер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері