Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков (8 шілде 1980 жыл, Шымкент) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат, 2023 жылдан бастап Шымкент қаласының әкімі.

Ерте жылдары Ғабит Сыздықбеков 1980 жылғы 8 шілдеде Шымкентте дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы 2004-2007 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.

2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.

2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.

2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылғы ақпаннан бастап Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.

2023 жылы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болды

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Шымкент әкімдері Санат:Қазақ мемлекеттік заң университеті түлектері