Алғадай Жамбылұлы — Жамбыл ақынның Қанымжаннан туған баласы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Майданға 1942 жылдың қаңтарында алынды. Соғыста атты әскер құрамында шайқасты, пулемет новодчигі болған.
1943 жылдың 22 ақпанында Украинаның Синельниково стансасы түбінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгіндері қалаға айналған Синельниководағы бауырластар зиратында жерленген.Жамбылдың ұлы Алғадай Мәншүк сияқты мерт болған — «Айқын», 8.05.2019.
Жамбыл ұлына арнап бірнеше өлең шығарған. Біреуінде: Құлағыңда, құлыным, Дауысым жүрсін жырлаған: Алғадайым, арлы едің, Ата сөзін сыйлаған; Перзентімнің алды едің Көңілімді қыймаған. Аттандырдым майданға, Аман-есен жүр балам! — деп жырлайды.Жамбыл Жабаев. Аттандыру — Bilim-all.kz сайтында
Ұрпағы Алғадайдың ұлдары — Таубай және Қуаныш.
Дереккөздер
Сілтемелер Алғадай туралы әрбір ой... (Жамбылдың жоқтауы) Ер тағдыры - ел тарихы («Қазақстан» телеарнасындағы репортаж)
Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары