Толмачев Борис Ярославович (1947 жылы туған, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1994), профессор, Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген (1970).

Қысқаша өмірбаяны: 1970–1972 жылдары Қырғызстан Ғылым академиясының «Илим» баспасында редактор. 1972–1975 жылдары Қырғыз мемлекеттік университетінде аспирант. 1975–1978 жылдары «Қырғыз энциклопедиясы» Бас редакциясында редакция меңгерушісі. 1978–1981 жылдары «Қазақстан» баспасында аға редактор. 1981 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент қызметін атқарады.

Еңбектері: «Исторический роман в современной литературе Средней Азии и Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:1947 жылы туғандар